Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қырғызстаннан әкелінетін қауіпті азық-түліктер анықталды

Қырғызстаннан әкелінетін қауіпті азық-түліктер анықталды
ашық дереккөз
Республиканың бүкіл жерінде көрші елдің бірнеше кәсіпорнының ірімшігі, шұжығы мен балмұздағы сауда сөрелерінен алынып жатыр.
Қазақстанда сауда орындарында денсаулыққа қауіпті ірімшік, шұжық және балмұздақ анықталды. Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің хабарлауынша, Қырғызстанның бірнеше кәсіпорнының өнімдерінен қауіпті бактериялар анықталды. "Риха" өндіретін "Испанская" шұжығының сынамасынан ішек таяқшасы тобының бактериясы, "Умут и Ко" кәсіпорны шығаратын "День и Ночь" эскимосынан адамның улануына әкелетін Staphylococcus aureus (стафилококтың бір түрі — Sputnik) табылды.Сондай-ақ "Эмилия" компаниясының "голландтық ірімшік" өнімінің сынамасынан ішек таяқшасы тобының бактериясы анықталды", — деп жазылған хабарламада. Бұған дейін ірімшік өндіруші кәсіпорынның Қазақстанның нарығына қауіпті өнімнің әкелінбейтініне кепілдік берген. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі бұл талаптың орындалмағанын анықтап отыр. Ерте өлу тәуекелін төмендететін азық-түлік анықталды>> "Бұл өнімнің барлығы кедендік одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейді. Комитет азық-түлікті сауда сөрелерінен алып тастау және жою бойынша қажетті шараларды қолға алды. Республиканың бүкіл аумағында күшейтілген зертханалық бақылау жүргізілуде", — деп хабарлайды ведомство. Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігіне бұл кәсіпорындардың қызметін бақылауға алу туралы ескерту жолданды.      
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар