Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айқын Төлепберген тоқал алғанын мойындады

Айқын Төлепберген тоқал алғанын мойындады
ашық дереккөз
Көпшілік Айқынның екінші әйелі Жұлдыздың ұл тапқанында жиі айтады
Айқын Төлепберген өзінің екінші рет үйленгенін жасырмай айтты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирі барысында мәлімдеген. Ол өзіне сұрақ қойған желі қолданушыларға жауап беріп жатып, екінші рет отау құрғанын мойындады деп хабарлайды KYN.KZ  Әнші Instagram желісінде тікелей эфир жүргізіп отырып екінші рет үйленгенін де айтып тастады. Ол өзіне жазған оқырманға жауап беремін деп, жеке өмірі жайлы шындықты мойындады. Ол өзін екінші әйел алғалы ұнамаай кеттің деген желі қолданушысына "Кешіріңіз енді" деп жауап қатты. Айқын бұл сөзді жоққа шығармай, керісінше олай істегені үшін кешірім сұраған. Желі қолданушылар болса, әншінің бұл мәлімдемесіне риза болмаған. Өзінің екінші рет үйленгенін күлімсіреп айтып отырған әнші қылығы көпшілікке ұнамай қалған. "Екінші әйел алғанын мақтан етіп айтып отыр ғой" , - деп сөгіп тастады оқырмандар. Айта кетейік, көпшілік Айқын Төлепбергеннің екініш әйелі Жұлдыз Өмірғали деп есептейді. Алайда, отандық жұлдыздардың екеуі де бірге екендерін әзірге растаған жоқ
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар