Пятница, 9 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Жемқорлықтың иісі шығады: Іргелі әкімі тұрғындарды не себепті жалындырып жүр?

13.10.2020
0
Жемқорлықтың иісі шығады: Іргелі әкімі тұрғындарды не себепті жалындырып жүр?

фото:көрнекі

Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылдық округі тұрғындары жазда ақысын жинап берген суға әлі күнге қол жеткізе алмай отыр. Айтуларынша мердігер жеке кәсіпкер «ЖК БЕКСУ» мен округ әкімі Абылай Біржанұлы төрт айдан бері елдің шағымын кейде көмекшілері арқылы, кейде телефоннан тыңдап, тұшымды жауап бермеген. «Алдағы апта су болады» деп құрғақ уәде берумен келген ЖК БЕКСУ қожайыны ақысы төленген суды сұраған кей азаматтарға дөрекі сөйлеп жеке кездесулерге де шақырған көрінеді.

«Біздің ауылда тұратын азаматтардың дені оралман ағайындар, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қарапайым қара жұмыс істеп жүрген халықпыз. Көпшілігіміз мемлекеттен не көмектер барын, қанша қаржы бөлініп, ол қалай жұмсалып жатқанын заң бойынша қалай білуге болатынын да білмейміз. Ауылдасымыз Бақыт деген келіншек «Су қажет болса 150 мың теңгеден жинаңыздар» деді.

Біз аузымызға таза су тиетін болды деп бар тапқанымызды жинап, қарызданып, бір кісілер несие алып сол әйелдің қолына ұстаттық. Аңғалдығымыз сонша қырықтан асатын адам келісім шарт не түбіртек ( чек) сұрамаппыз. Сол кезде су бір айдың ішінде қосылады деген еді. Қазір міне төрт айға жақындады судың мұнарасы да (вышка) тұрғызылмаған. Тағы екі аптада күн суытып, су қатады. Сонда біз қыста қар ерітіп тұтынамыз ба?

Неге онда ақшаны алдын ала жинап алды? Әкімдік техникалық қызмет көрсететін «ЖК БЕКСУДЫ» неге келісімшарт бойынша қадағаламайды? Керісінше біз айыпты сияқтымыз. Су сұрасақ ұрыс естиміз, «Өзің кімсің, не айтып отырсың, қайда тұрасың» деген сынды қорқыту-үркіту сарындас жауаптар аламыз.

Екінші мәселе, бұл су ауылымызға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жеткізіліп жатыр екен. Неге онда бағасы тым қымбат?. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша жеткізіліп жатқан таза су үшін бүкіл Қазақстан ауылдары мен қала маңындағы кенттер 2011-2020 жылдар аралығындағы бағдарламалар бойынша бізге айтылған бағадан он, жиырма есеге аз төлеген. Әкім Абылай Біржанұлынан нақты сандарды ала алмадық. Ол енді өзімізге «Ақшаны неге жинайсыздар?» деп сұрақ қойып отыр. Оның сөзінше ақшаны халық су қосылатын сәтте жинауы керек. Бұл ереженің өзін шу көтерілгенде бір-ақ айтып отыр.

Тұрғындар су үшін 150 мың теңгеден жинап беріп қойды. Бұл жерде әкім ұйымдастырушының қызметін атқарып, екі жақты келістіріп барлық сандарды ашық айтуы міндетті. Бірақ бізде жұмыс олай жүргізіліп жатқан жоқ.

Сондықтан құзырлы органдар мен өкілетті орган қызметтеріне шағым түсіруге бекініп отырмыз. Тұтынушы ретінде заңды құқығымызды қорғап, талабымызды қойып отырсақ «ЖК БЕКСУ» өкілі «Келіспесеңіз ақшаңызды алыңыз, құбырларымды жинап кетемін» деп отыр.

Бұл не сұмдық? Жауапкершіліктің жоқтығы ма әлде халық ойыншық па? Осы жерде әкімнің мойнында ешқандай жауапкершілік жоқ па? Ол не істеп жүр сонда?»,- деп шағымданды ауыл тұрғыны Мақсат Жақсылыққызы.

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауылдарды таза сумен қамтамасыз ету бағдарламаларын қадағалап жүрген «Ангел» қоғамдық қорының директоры Людмила Петрова болса Іргелі ауылдық округінде халықтың құқығы тапталып жатқанына сенімді.

«Өз тәжірибемде Қазақстанның бес өңіріндегі таза сумен қамтамасыз ету бағдарламаларын бақыладым. Алдымен халық әкім және сіздердің жағдайда ЖК басшысымен дұрыс әрі ашық түсінісіп алғаны жөн. Біз солай істедік. Егер олар жылы сөзге жауап бермесе шағымданатын онға жуық мекеме бар. Соларға шағым түсіресіздер. Оның барлығын сізге тізіп жазып берейін. Әр үйге суды қосу сол кезде 3000 теңгеден болып еді.

Оны сіз су мұнарасы орналасқан жерден бастап аулаңызға дейін есептемейсіз. Мемлекет халықты сумен қамту үшін жеткілікті мөлшерде қаржы бөліп отыр. Менің тәжірибемде ең қымбат су Ақтөбе облысында жүргізілді. техникалық қызмет көрсетуші компания суды қосу 30 мың деді. Біз бұл бағаның қарапайым халық үшін тым қымбат екенін айттық.

Өтініш, шағым түсіріп жүріп 17 000 деген жауап алдық. Оған қанағаттанбастан түрлі органдарға хабарластық, ақыры 3500 теңге шамасында болды. Іргелі ауылдық округінің халықы сондай қалтасы қалың емес. Қазір карантинге орай жұмыссыздық мәселесі бар, барлық жағдайды ескере отырып бағаны түсіруді сұраңыздар. 150 мың теңге деген сұмдық. Мұның барлығын тексерту керек. Баға қайдан шығыпты?»,- дейді Людмила Петрова.

Ал өз кезегінде KYN.KZ тілшісі Іргелі ауылдық округінің әкімі Абылай біржанұлын осы мәселе бойынша сұхбат беруге шақырды. Әкім мырза ресми хат талап еткендіктен халық қойған сұрақтарға жауап алынғаннан кейін барып жария ететін боламыз.

Сонымен қатар сайт атынан Алматы облысының әкімі атына , Монополияға қарсы күрес агенттігі мен Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Министрлік қарамағындағы суресурстары комитетіне өтініш түсіріп, Іргелі округіне қарасты осы ауылға қанша қаржы бөлінгенін, қалай жұмсалу керектігін, және бағаларын нақтылайтын боламыз.

Бөлісу10Твит6
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2078 бөлісу
    Бөлісу 831 Твит 520
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2111 бөлісу
    Бөлісу 844 Твит 528
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1779 бөлісу
    Бөлісу 712 Твит 445
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1188 бөлісу
    Бөлісу 475 Твит 297
  • Танымал блогер Дана Есеева енемен тату болудың құпияларымен бөлісті

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер жол апатына түсті: екеуінің жағдайы аса ауыр

    998 бөлісу
    Бөлісу 399 Твит 250
  • Алмас Кішкенбаев не себепті сахнадан көрінбей кеткенін айтты

    1174 бөлісу
    Бөлісу 470 Твит 294
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    856 бөлісу
    Бөлісу 342 Твит 214
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    808 бөлісу
    Бөлісу 323 Твит 202
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    746 бөлісу
    Бөлісу 298 Твит 187
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.