Басты жаңалықтар

Олжас Сүлейменовтің немересі Астанада жол апатынан көз жұмды

Марқұмның туыстары трагедияның куәгерлерін іздеп жатыр.

Астанада Олжас Сүлейменовтың немересі жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы KYN.KZ Sputnik сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Белгілі ақын, жазушы Олжас Сүлейменовтің жиырма жастағы немересі Ескендір Астанада жол апатынан көз жұмды. Марқұмның туыстары трагедияның куәгерлерін іздеп жатыр. Ескендірдің досының айтуынша, жол-көлік оқиғасы Мәңгілік Ел – Керей Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында кешкі тоғыз-тоғыз жарымның аралығында болған. Жас жігіт мотоцикл жүргізіп келе жатқан. "Дәл қазір біз апаттың куәгерлерін іздеп жатырмыз. Оқиға орнынан фото-видео бар. Қазір Астана полициясы істің мән-жайын анықтауда. Туыстарының өтініші бойынша, басқа қандай да бір ақпаратты жариялай алмаймыз", — деді Ескендірдің досы.   Оның айтуынша, марқұм соңғы жылдары елордада тұрып, жұмыс істеген.