Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сүлейменовтың немересін өлтірді деген күдікпен әйел адам ұсталды

Сүлейменовтың немересін өлтірді деген күдікпен әйел адам ұсталды
ашық дереккөз
Астаналық келіншекке қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр
Астана қалалық ішкі істер департаменті Мәңгілік Ел - Керей мен Жәнібек хан көшелерінің қиылысында болған жол-көлік апаты туралы хабар таратты, деп KYN.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасай отырып хабарлайды. Жан түршігершілік апатта белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтың 26 жастағы немересі Ескендір Сүлейменов қаза тапқан болатын. «22 маусым күні болған жол-көлік апаты бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Апат орнына Астана ІІД тергеу-жедел тобы барды, қажетті сараптамалар тағайындалды. Материалдар толық көлемде жиналып, қылмыстық іс ретінде тіркелді. Жол-көлік апаты фактісі Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түскен», - делінген Астана ІІД баспасөз қызметі жіберген хабарламада. Апатқа қатысы болуы мүмкін астаналық 29 жастағы әйел де тергеуге алынды. «Апатқа себепкер болуы мүмкін «Hyundai» автокөлігінің иесі, 29 жастағы астаналық әйелге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу барысын Астана қаласының ІІД басшылығы қадағалауға алды», - деп хабарлады астаналық ІІД. Ескендірдің туыстары жол-көлік апаты туралы қандай да бір ақпаратқа ие куәгерлерді +7 701 44 44 134, +7 701 551 82 22 немесе +7 701 981 78 81 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар