Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Блок-бекетте екі полицейді соғып өлтірген жүргізушіге сот жаза тағайындады

21.10.2020
0
Блок-бекетте екі полицейді соғып өлтірген жүргізушіге сот жаза тағайындады

Алматыда блок-бекетті жарып өтіп, екі полицейдің қазасына себеп болған жүргізуші 10 жылға сотталды. Азат Азаматовтың қылмысына өкінуі, әрі қолындағы кішкентай баласы жазаны жеңілдете алған жоқ. Судья прокурор сұраған жазаны еш өзгертпестен кесті.

Сотталушы енді қара жамылған қос отбасының моральдық және материалдық шығыны ретінде 66 млн теңге өтеуі тиіс.

Ал марқұмдардың жақындары жаза тым жеңіл деп отыр. Блок-бекеттегі апатқа қатысты соңғы сот отырысына Азат Азаматов келген жоқ. Өйткені тергеу изоляторында карантин жарияланыпты.

Сондықтан өзіне кесілген үкімді онлайн байланыс арқылы тыңдады. Экс-полицей мас күйінде көлік тізгініне отырып, екі адамның өліміне себеп болғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі барынша төмен түрмеде өтейді.

Азаматовтың көлік жүргізуді ұмыта беруіне болады – судья оны рөлге отыру құқығынан мәңгіге айырды. Сонывмен бірге жәбірленушілердің моральдық және материалдық шығынын өтеп беруге міндеттеді.

«Азаматов Азат Талғатұлынан Жетпісбаева Аида Бақытжановнаның пайдасына 15 миллион 872 мың 405 теңге көлемінде кәмелетке толмаған балаларының асыраушысы қайтыс болуына байланысты материалдық шығын, 5 миллион көлемінде моральдық залал өндірілсін.

Аман Динара Қанатқызының пайдасына 36 миллион 600 мың 552 теңге көлемінде кәмелетке толмаған балаларының асыраушысы қайтыс болуына байланысты материалдық шығын, 1 миллион көлемінде моральдық залал өндірілсін»,- деді судья Мәди Көшікбаев.

Ал сау-тамтығы қалмаған патрульдік көлік үшін мемлекетке 5 жарым миллион теңге өтеуі керек. Қызмет бабында қаза тапқан полицейлердің жақындары бұл жазаны тым жеңіл деп отыр.

«Ең көп мерзім алуы керек еді. 10 жыл деген – ертең-ақ шығады ғой. Менің балам қырыққа келмей кетті. Ол қырыққа келгенде шығады. Үш баласы жетім қалды»,- деді Ж.Жанғазиевтің анасы Нұрсұлу Жанғазиева.

«Келіспейміз. Біз әу баста ойлағанбыз бұл өмір бойына бас бостандығынан айырылатын шығар деп. Мынау біздегі заңның жұмсақтығы болып тұр ғой. Бізде заңды қатаңдатпай бұл арақ ішіп рөлге отыру деген тоқтамайды деп ойлаймын»,- деді ДюӘбдіқановтың әкесі Маратжан Әбдіқанұлы.

Азат Азаматов кінәсін бірден мойындаған. Ол сол күні сыра ішкенін, сондықтан апаттың қалай болғанын білмейтінін айтты. Яғни ауруханаға жеткенде ғана есін жиған көрінеді. Қанды оқиға биыл мамырда, карантин тәртібі күшейіп, қалалар толық жабылған уақытта болды.

Таңғы сағат бес жарымда жүйткіген BMW блок-бекеттің бірін бұзып өтіп, патрульдік машинаға соғылған. Көліктегі аға лейтенант Жарас Жанғазиев сол жерде тіл тартпай кетсе, қасында отырған сержант Дастан Әбдіқанов ауруханада жан тапсырған.

Жәбірленушілер апелляциялық сотқа шағымдана ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Бұл туралы адвокаттармен ақылдасамыз деп тарқасты. Ал 10 жылға сотталып, миллиондаған шығынды өндіруге міндеттелген Азат Азаматовтың әкесі тілшілермен тілдесуден түбегейлі бас тартты.

Бөлісу8Твит5
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3855 бөлісу
    Бөлісу 1542 Твит 964
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2121 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1686 бөлісу
    Бөлісу 674 Твит 422
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1590 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1476 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2119 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1438 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 360
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1111 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 278
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.