Басты жаңалықтар

Көпшілік Бекболат Тілеуханнан Боратты қарғауды сұрады (видео)

Дәстүрлі әнші әрі халық қалаулысы атанған саясаткер Бекболат Тілеухан "Борат-2" фильміне қатысты өз пікірін білдірді, деп жазды KYN.KZ.

"Өзімізге ғана емес, өзгелерге, әсіресе алыс-жақын елдегі дипломатиялық инстанцияларға жетімді болу үшін БҰҰ-дағы алты тілдің бірі - орыс тілінде жасадым. Айналайын халқым, түсіністікпен қараңыздар.

Еліміздің абыройы, халқымыздың намысы тапталып жатыр. Тәуелсіздігіміздің символы іспетті көк байрағымызды тексіздерге қорлатып отыра алмаймыз. Бұл үндеуді қолдауларыңызды сұраймын",- деді Бекболат Тілеухан.

Көпшілік қоғам белсендісінің пікірін орыс тілінде жеткізгеніне ренжігендерін жазып жатты. Кей желі қолданушылары Бекболат Тілеуханға алғысын айтып жатты. Ал Тараздық Баха лақап атымен тіркелген азамат Бекболат Тілеуханға әзілді өлең жолдарын арнады.

"Адамсың ғой болсаңдағы алдап жүрер,

Қарсы келген дұшпаныңды жалмап жүрер.

Аласың ғой сауабыңды қазақтардан,

Намазыңда Боратты бір қарғап жібер",-деп жазды желі оқырманы.