Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ертең өкінесіңдер: Жан Ахмадиев Қытайға тұрмысқа шыққан қыздарға шүйлікті

Ертең өкінесіңдер: Жан Ахмадиев Қытайға тұрмысқа шыққан қыздарға шүйлікті
ашық дереккөз
Заманауи жырау: Ертең тірідей ит асып жейтін боласыңдар
Бірнеше күннен бері желіде қытайлық жігітке күйеуге шыққан қазақ қызының видеосы қызу талқыға түсті. Оқиға отандық жұлдыздарды да бей-жай қалдырмады деп хабарлайды KYN.KZ Атышулы Жан Ахмадиев енді қытайлықтарға ұзатылған қазақ қыздарына шүйлікті. Біраз уақыт бұрын көше жағалаған түнгі көбелектерді қамшымен сабаған заманауи жырау, бұл жолы қыздарға тиіспеді. Ол жай ғана желіде өз ойымен бөлісіп, итті қазанға тірідей асып жатқан видео салды. Ахмадиев желіде: «Алла сақтасын!!! Қытайға тұрмысқа шығуды армандайтын қазақ қыздарының назарына! Бешбармақтың орнына, тірі итті осылай пісіріп жейтін боласыңдар! Не дейміз, барған жерде бақытты болыңдар! Қасқырдай қазақ жігіттерін, құрт-құмырсқа жеген қытайға айырбастаған қайран қарындастарым-ай! Қу дүние не істетпейді... Ертең өкініштен өртенесіңдер ғой!», - деп жазды. Ал желі қолданушылары болса «Алла сақтасын», «Дұрыс айтасыз », - деп жазып, қолдау көрсетті.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар