Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдеш ұлды болды
2019 жылдың тамыз айында өзінен 45 жас кіші журналист Жадыр Сейдешті жар еткен әнші Нұрғали Нүсіпжанов ұлды болды, деп хабарлайды KYN.KZ
Бір жыл бұрын танымал әнші ағамыз дүркіретіп той жасап, қоғамның беткеұстар тұлғалары онда қонақ болған еді. Журналистер де бұл оқиғаны қалт жібермей, жан-жақтан отбасын құрушыларға сұрақтарды қарша боратқан. Соның бірінде Нүсіпжанов әйелі өзіне ұл сыйласа, арманы болмасын айтып қалған. Міне, сол арман орындалған күн де келді.
Өнер жолындағы азаматтар арасында Жадыра Сейдештің ұл босанғаны әңгіме болып жатыр. Ал Нүсіпжановтың өзі бұл қуанышты оқиғаға қатысты әлі ресми сұхбат берген жоқ. Дегенмен "Папарацци" бағдарламасы журналистері ағамызды тауып алғанда, ол кетуге қатты асықты. Тек: "Бәрі жақсы!", - деп қысқа қайырған әнші