Дәрігерлер есек сүті зиян деп, полиция оны сатып жүргендердің кім екенін анықтады
Таразда есек сүтін сауып сатып жатыр деген видео тарағалы наразы жұрт желіде шу шығарды. Құқықтық органдар дереу іздеу салып журналистер ол сүттің денсаулыққа пайдасы мен зиянын анықтауға кірісті.
Сарапшылардың айтуынша, "Есек сүті пайдалы", деген жансақ пікір. Оның құрамында тіпті, қатерлі ісік аурын қоздыратын зиянды элементтер бар көрінеді.
Әншейінде есекке келгенде, «Еңбегі адал, еті арам» дейтініміз бар. Бірақ мына видео тарағанда, түрлі диван сарапшылары, "Есектің сүті пайдалы", дегенді шығарды. "Қатерлі ісікке шипалы", дейді білгіштер. Алайда, ол нағыз фейк. "Есектің сүті ракты емдемейді, керісінше қоздырады, дейді сарапшылар. Оның сүтінде түрлі зиянды микробтар көп көрінеді.
"Адам ағзасына неше түрлі микроб кіреді. Футоксин деген микроб болады. Адам денесіндегі барлық ауруды қоздырады ол. Ал, фермадан түсірілген видео әлеуметтік желі арқылы тарап талай адамды шошытты. Әсіресе, "Бұл видео өзіміздің Тараздағы Киров көшесінде түсірілген", деген ақпарат елді дүрліктірді",-дейді срапшы Қуандық Хонай.
Ал, бейнемен ілесіп жүрген аудио хабарламалар болса тұтынушыларды тіпті үркітті. Қазнетті жарған видео қоғамда түрлі пікір тудырды. Дені, "Есек сауғандарды тауып жазалау", керек деп отыр. Тараздағы шенеуніктер болса, Киров көшесінен ондай ферманың табылмағанын алға тартып отыр. "Бұл видео басқа елде түсірілген дейді, инспекторлар.
Есек асырау ол оңай шаруа емес. Біз іздемесек те ол ақырып-шақырады. Сондықтан оны айтып қояды адамдар. Бізде ондай мүмкін емес сізге гарантия берейін",-деді Қазақстан Республикасы АШМ Жамбыл облысы аумақтық ветеринарлық инспекциясының басшысы Жандар Қоекиев.
Ветеринарлық инспекцияның сөзіне қарағанда бұл бейне жазба басқа елде түсірілу мүмкін. Ал, қазақша сөздер видеоның үстінен салынған дейді, Қалай болғанымен мамандар дөп басып, нүкте қойған жоқ. Видеоны таратқан адамдар әлі іздестіріліп жатыр.
Дереккөзі:Астана арнасы.