Басты жаңалықтар

Мұхамеджан Тазабеков сәләфи ағымында адасып жүргенін мойындады

Белгілі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек осыған дейін айтыскер ақын, "Асыл арна" директоры Мұхамеджан Тазабековтың жат ағамның жетегінде кетіп, елде өз әскерін құрып жатыр деп қатаң сынға алған еді. Енді құқық қорғаушы Тазабеков сәләфилер ағымынан шыққанын, енді өзгелерді сол ағымнан шығаруы тиіс екенін айтып, өз оқырмандарынан сүйінші сұрады деп жазды KYN.KZ.

"Бірде Бегалы би: «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң», – деген екен. 

Мұхамеджан Тазабек сәләфи жолындағы жігіттердің арасында жүргенін мойындап, қайта оралғанын айтыпты.
Бұл да бір біздің ортақ жеңіс, адасып жүрген қазақтың бір азаматын ортамызға қостық!


Қош келіпсіз Мұхамеджан аға қатарымызға, соны түсіну үшін 20 жыл уақыт кеткені өкінішті. Қаншама отбасы ойрандалып, анасы баласынан айрылып, қаншама қаракөз қыздарымыз талақ құрбандары болды. Енді осының бәрін қайта орнына келтіру тағы жиырма жыл уақыт керек!


Халықтың күдігін сейілту үшін тәлім беруге емес, адасып жүргендерді қайтаруға еңбек етіңіз бірінші!


“Адастым, қайта оралдым болды” деп айтсаңыз, халық сізді қабылдай салады десеңіз қателесесіз!
Бұл да бір халықтың ойын басқа жаққа бұру қойылымы болмасы үшін енді көп еңбек керек!


Арабтың ақшасы таусылып, қазақтың ақшасы үшін бетіңіз бері қараса, онда сіз кез-келген уақытта кетіп қалуыңыз мүмкін! 
Қалай адасып, не бүлдіргеніңізді ашық айтып, қайта келгеніңізді нақтырақ ашып жазсаңыз, сізге деген сенім арта түседі!


Ел алдында жүрген ағалардың өз қателігін мойындағаны сәләфи жолында адасып жүрген, жастарға да үлгі болар еді!
“Ағамыз таза, жала жауып жүрсіз “,деген жастар оқыңыздар!
Ағаларыңыз секталарда адасып жүргенін мойындады!

Сіз соған сенесіз бе?- деген жауапқа!

Әлі күдігім басым, бір мүмкіндік беріп көру керек!",-деді құқық қорғаушы Айгүл Орынбек.