Әншіні әріптестерін жинап, дүркіретіп той өткізгелі жатыр
Осыдан үш жыл бұрын отандық әнші Абай Бегейдің жары Жанат өмірден озған болатын. Төрт баласына бас-көз болып қалған әнші қайтадан шаңырақ көтермекші деп хабарлайды KYN.KZ Бұл қуанышты жаңалықты көпшілікке Меруерт Түсіпбаева айтып берді.
Шақыру билетінің суретін желіге жүктеген әнші әріптесіне ақ тілегін жазды.
"Тамаша хабар. Абай досым, бақытты болшы! Шын жүректен Фариза келінімнің адал жар, балаларға мейірімді ана болғанын тілеймін", - деп жазды Түсіпбаева.
Ал желі қолданушылары, Абай Бегей үшін қуанышты екенін жеткізді