Басты жаңалықтар

Батыс қазақстанда ауылды кезген елес әйел халықтың мазасын қашыруда (видео)

Батыс Қазақстан облысындағы ауыл әкімі жергілікті тұрғындармен бірге жолда көрінетін елеске байланысты қойды құрбандыққа шалған.

Қаратөбе ауданындағы Ханкөл аулының тұрғындары елді мекеннің маңында ақ шашты әйел адамның елесі жүргенін айтады. Ауылдықтар сондай елесті көргендерін жиі айтқан. Сонымен қоса барлығының суреттеуі бір әйелдің бейнесі. Ауыл халқыны біріге отырып құрбандық шалып, елестен құтылғылары келетінін айтқан.

"Ақ шашты жас әйел жолдың бойында жүреді. Адамдар қатты қорқып қалған, ер адамдар қорыққанынан жылап жібереді", - дейді жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде.

Тағы бір тұрғынның сөзінше, жүргізушілердің бірінің көлігіне ақ шашты әйел адам отырып алып, көлікті басқаруына кедергі жасаған.

"Қарсы беттен келе жатқан ауыржүктасығыш көлікпен соқтығыса жаздады. Әйел адам бірден жоғалып кеткен. Жүргізуші ауылға барған, бірақ жергілікті тұрғындар елесті көрмеген. Адамдар Құран оқи бастады", - дейді ол.

Артынша Желіде Қаратөбе ауданында түсірілген видео пайда болған. Оның монтаждалғаны я шын видео екені әлі белгісіз.

Оқиғаға қатысты Жусанды аулының әкімі Талап Қазиев ойын айтты. Ол жергілікті тұрғындармен бірге садақа берген.

"Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші ауыржүктасығыш көлікпен соқтығыса жаздаған. Бірақ мен де осы көшемен өтемін, ештеңе көрмедім. Адамдар асыра сілтеуі мүмкін, бірақ елес туралы әңгіме көп айтылатын болды. Сондықтан біз садақа беріп, малды құрбандыққа шалып, қойды тұрғындармен бірге сойдық", - дейді әкім.