Пятница, 2 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Дулат Ағаділ ұлының өліміне кінәлі күдікті ұсталды

12.11.2020
0
Дулат Ағаділ ұлының өліміне кінәлі күдікті ұсталды

Жанжал ЖШС жұмысшылары мен Талапкер кентінің жас жігіттері арасында туындағаны анықталды, деп хабарлады полицейлер

17 жастағы Жанболат Ағаділді өлтірді деген күдікке ілінген адам ұсталды.

«Шұғыл тергеу тобы жанжалдың ЖШС жұмысшылары мен Талапкер кентінің жас жігіттері арасында туындағанын анықтады. Барлығы жұмысшылар тұратын Көктал шағын ауданында жиналған. Ақмола облысының Талапкер кентінен 20 адам келген. Сөзден басталған жанжалдың арты төбелеске ұласып кетті», — деп хабарлады ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов онлайн брифингте.

Оның айтуынша, Жанболат Ағаділ Талапкер кентінен келген жас жігіттердің арасында болған. Ол төбелес кезінде пышақ жарақатын алып, жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі – бұзақылық және 99-бабының 2-бөлігі – адам өлтіру фактісі бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Төбелеске қатысқандардың барлығы ұсталды. Олардың ішінде үш күдікті бар.  

Айта кетейік, 10 қараша күні сағат 22:56-да полицияға Нұр-Сұлтан қаласының Көктал шағын ауданындағы Болашақ көшесінде жаппай төбелес басталғаны туралы хабар түскен. Төбелес кезінде екі адам жарақат алды. Біреуі қоғам белсендісі марқұм Дулат Ағаділдің 17 жастағы ұлы – Жанболат Ағаділ болып шықты.

Заңға сәйкес, адам өлтіру бабы бойынша 15-20 жыл немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал бұзақылық бойынша 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Дулат Ағаділдің өлімі

25 ақпанда ішкі істер органдары Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің қайтыс болғанын хабарлады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригада қызметкерлері ер адамның өлімін растады.

Ағаділ қаңтар айында сырттай айыпты деп танылып, оған қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылған еді. Мұны орындамағаны үшін сот қоғам белсендісіне қатысты шараны қамауға алмастырды.

24 ақпан күні кешке Ағаділ үйінен тергеу абақтысына жеткізілді. Оған қатысты қылмыстық заңбұзушылық жасап, судья мен сот отырысына қатысушыларға тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.

Мамыр айында Нұр-Сұлтан прокуратурасы қылмыстық істі тергеуді аяқтап, қоғам белсендісі қалай қайтыс болғанын жариялады. Өлімнің мән-жайын тәжірибелі сот-медициналық сарапшылар мен жоғары санаттағы кардиологтан құралған комиссия жеті тексерді.

Олардың қатарында белсендінің жақын туыстарының өтінішімен тартылған сарапшылар да болды. Ағаділдің өліміне өткір миокард инфарктісі себеп болған, қан тамырларының жиырылып, түйілуінен қан ұйып, жүректің сол жақ қарыншасына толығымен жетпеген. Сарапшылар марқұмның денесінен ешқандай жарақат таппаған.

Бөлісу32Твит20
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1724 бөлісу
    Бөлісу 690 Твит 431
  • Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты

    1425 бөлісу
    Бөлісу 570 Твит 356
  • Қызылордалық 5 баланың анасы: Жамбыл облыстық полиция мен прокуратура қызметкерлері күйеуіме жала жауып, қамағалы отыр (видео)

    1105 бөлісу
    Бөлісу 442 Твит 276
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1948 бөлісу
    Бөлісу 779 Твит 487
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    986 бөлісу
    Бөлісу 394 Твит 247
  • Гілі-Гілі есімімен танылған актер Тұңғышбай Жаманқұлов бірнеше рет жолын жапқанын айтты

    941 бөлісу
    Бөлісу 376 Твит 235
  • Мәжілісмен Мақсат Толықбай Болат Атабаев туралы деректі фильмге қаражат тауып беретін болды

    905 бөлісу
    Бөлісу 362 Твит 226
  • Алматы облысында екі әйелі бар әке туған екі қызын он жыл бойы зорлап келген

    805 бөлісу
    Бөлісу 322 Твит 201
  • «Қыздар үйге іздеп келетін»: Алмат Сақатов әйелінің шыдамдылығына ризашылығын білдірді

    714 бөлісу
    Бөлісу 286 Твит 179
  • Құралай Нұрқаділова психологияға әкесіне көмектесу үшін келгенін айтты

    665 бөлісу
    Бөлісу 266 Твит 166
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.