Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Атам тірі болса ұрысатын еді: Заманбек Нұрқаділовтың немересі өзінің «лесби» екенін ашық айтты

14.11.2020
0
Атам тірі болса ұрысатын еді: Заманбек Нұрқаділовтың немересі  өзінің «лесби» екенін ашық айтты

Құралай Нұрқаділованың қызы Нұрбибі Нұрқаділова КТК журналисіне берген сұхбатында өзіне қыздардың ұнайтынын, өмірлік серігі әйел адам екенін ашық айтты, деп жазды KYN.KZ.

«Мен алғаш журналистер сұхбатқа шақырғанда келмеген себебім бар. Менде ай сайын болатын етеккір мәселесі болды. Ол кезде мен өте ашушаң болып кетемін. Сұхбат дұрыс болмайтынын түсіндім.

Мен ешкімнің пікіріне тәуелді емеспін. Менің денем- менің шаруам. Мен өзіме ұнасам болды. Мен семіздікпен де күреспеймін. Тәтті тамақтанбасам ашушаңмын. Сол үшін артық салмаққа қарамастан өзіме ұнайтындай тамақтануға тырысамын. Ол менің ұстанымым. Өзіме осы күйімде ұнаймын.

Жас қыздарды тым тыю өте дұрыс емес. Көңілді болсаң шошақай дейді, толық болсаң сүйкімсіз семіз дейді. Оның барлығы адамға ауыр. Мен қазіргі күйіме өмірім алып келді. Іштей даму жүріп, қазіргі қалпыма келдім.

Мен алғашқы махаббатыма қатты ғашық болдым. Толық, өзін дұрыс бағаламайтын қызға сүйіктісі жолықты деп айтайықшы. Ол айтарлықтай сүйкімді болды. 19 жасымда ол жігіттен жүкті болып қалдым. Ата-анам онда міндетті түрде тұрмысқа шығу керек дегенді түсіндірді. Мен де соны дұрыс деп ұғып, күйеуге шықтым. Қазір балам он жаста. Мен ол ұлымды еркін етіп тәрбиелеп жатырмын. Ешқандай шектеу қоймаймын. Сол алғашқы некемде ер азаматтан қорлық көрдім. Содан кейін дәстүрлі отбасылы болудан қорқамын және қашамын»,- деді Нұрбибі Нұрқаділова.

Нұрбибі Нұрқаділова Заманбек Нұрқаділовтың тұңғыш немересі әрі ең жақсы көретін немересі болғанын айтты.

«Атам тірі болғанда жұмсартып айтсам ол мені осы қылығым үшін (лесбианка болғаным үшін) жақсылап тұрып ұрысатын еді. Ол қайтыс болған кезде мен 12 жаста едім. Бірақ онымен жиі кездесіп тұратынмын деп айта алмаймын. Ол жұмысына берілген адам еді. Бірақ,Заманбек атам менің мақтанышым.

Мені қазір сол Заманбектің немересі осындай болып кетіпті деген сөз еш алаңдатпайды. Басында қатты алаңдап, қорықтым»,-дейді Нұрбигүл.

Ол қазір тұрып жатқан Тоғжан есімді жұбымен бақытты екенін әңгімелеп берді.

«Мен Бар аштым. Сол жерде жаңа таныстар, достар таптым. Сол жердегі құрбым суретімді желідегі парақшама салуға көндірді. Мен саудам жүреді деген үмітпен жүктедім. Содан Тоғжан менің суретімді көріп ұнатып қалған. Содан мені іздеп келді. Басында ол маған мүлде ұнамады. Содан үш ай бойы ізімнен қалмай, сыйлап құрметтеп, көңілімді тапты ақыры. Жұмысыма сақина, гүлімен келіп, тізерлеп тұрып тұрмысқа шығуымды сұрады. Мен бірден келістім»,- дейді Нұрқаділова.

Тоғжан өз сөзінде лесбилікті таңдауына ата-анасы түсіністік танытқанын айтты. Ұлынан сүйіктісі Тоғжанды еш жасырмапты. Тіпті, Тоғжанды жақсы көретінін де ашық айтады екен ұлына. Ал егер ұлы ертең гей болатын болса еш қарсылығы жоқ екен.

Бөлісу64Твит40
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3849 бөлісу
    Бөлісу 1540 Твит 962
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2119 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1682 бөлісу
    Бөлісу 673 Твит 421
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1590 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1475 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2118 бөлісу
    Бөлісу 847 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1438 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 360
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1109 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 277
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.