Пятница, 2 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қазақстанда ауқаттылар сол байлығы үшін мемлекетке салық төлейтін болады

14.11.2020
0
Қазақстанда ауқаттылар сол байлығы үшін мемлекетке салық төлейтін болады

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы ел арасында адамдар бай және кедей болып бөлініп кеткенін ашық айтты. Оның сөзінше қымбат мүлік пен бағалы бұйымдар иесі, жоғары айлық алатындарды мемлекеткесол байлығы үшін салық төлеуге міндеттеу керек.

«Тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде халықтың бай және кедей топтары арасындағы алшақтық айтарлықтай өскенін көріп отырмыз. Бұл жерде яхталар, ұшақтар, элиталық жылжымайтын мүліктер, қымбат көліктер, зергерлік бұйымдар сияқты сән-салтанатқа салық салу туралы сөз болып отыр.

Байлық салығын енгізу Қазақстанда салық салудың әділетті жүйесін қалыптастыра алады деп есептеймін», — деген сенатор ұлттық экономика министрінен осыған қатысты позициясы мен келешекте байлық салығын ұлғайту жоспары жайлы сұрады.

Руслан Дәленов мұндай жоспар бар екенін атап өтті.

«Қазіргі таңда жаңа Салық кодексінде әділетті және айқын принциптер көзделген. Салық салу табыстарды теңестірудің тиімді құралы болып саналады. Мұнда екі бағыт бар: мүліктің бағасына қарай жоғары салық салу және тапқан табысқа салық салу.

Жеке табыс салығы бойынша елде 10 проценттік бірыңғай мөлшерлеме қолданылады. Бірақ төмендетілген мөлшерлеме де бар. Мәселен, кірісі 70 мың теңгеден аспайтын азаматтарға төмен салық салынады», — деді министр.

Ол мүлік салығы бойынша үлкен айырмашылық барын айтты. Мүліктің құны жоғары болған сайын, оған салынатын салық та көбейе түседі. Көлік салығы бойынша да айырмашылық үлкен – 8 мың теңгеден 600 мың теңгеге дейін.

дереккөзі:Sputnik.kz

Бөлісу8Твит5
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1724 бөлісу
    Бөлісу 690 Твит 431
  • Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты

    1428 бөлісу
    Бөлісу 571 Твит 357
  • Қызылордалық 5 баланың анасы: Жамбыл облыстық полиция мен прокуратура қызметкерлері күйеуіме жала жауып, қамағалы отыр (видео)

    1106 бөлісу
    Бөлісу 442 Твит 277
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1948 бөлісу
    Бөлісу 779 Твит 487
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    987 бөлісу
    Бөлісу 395 Твит 247
  • Гілі-Гілі есімімен танылған актер Тұңғышбай Жаманқұлов бірнеше рет жолын жапқанын айтты

    943 бөлісу
    Бөлісу 377 Твит 236
  • Мәжілісмен Мақсат Толықбай Болат Атабаев туралы деректі фильмге қаражат тауып беретін болды

    906 бөлісу
    Бөлісу 362 Твит 227
  • Алматы облысында екі әйелі бар әке туған екі қызын он жыл бойы зорлап келген

    805 бөлісу
    Бөлісу 322 Твит 201
  • «Қыздар үйге іздеп келетін»: Алмат Сақатов әйелінің шыдамдылығына ризашылығын білдірді

    715 бөлісу
    Бөлісу 286 Твит 179
  • Құралай Нұрқаділова психологияға әкесіне көмектесу үшін келгенін айтты

    666 бөлісу
    Бөлісу 266 Твит 167
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.