Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Үйлер қымбаттап кетті: Баспана бағасы Қазақстанның қай қаласында қалай өскені айтылды

Үйлер қымбаттап кетті: Баспана бағасы Қазақстанның  қай қаласында қалай өскені айтылды
ашық дереккөз

Ең жоғары баға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Атырауда тіркелді. Тіпті қайталама нарықтағы тұрғын үйлердің бағасы да қымбаттаған

Бір жыл ішінде бастапқы нарықтағы тұрғын үйдің бағасы 5,3% -ке, қайталама нарықта бірден 11,1% -ке өсті, деп хабарлайды Finprom Қазақстан стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сілтеме жасап.  

"Қазан айында жаңа тұрғын үйдің шаршы метрінің орташа құны 305,3 мың теңге немесе 714 доллар болды. Бір айда 0,5%-ке өсті", - дейді сарапшылар.

Жаңа тұрғын үй нарығындағы шаршы метрдің ең жоғары бағасы: Нұр-Сұлтанда – 388,8 мың теңге (908 доллар, жылына 6% өскен), Алматыда – 360,1 мың теңге (842 доллар, жылына 2,6%), Шымкентте – 333,3 мың теңге (779 доллар, жылына 2,2%).  

Атырауда тұрғын үй бағасы жоғары болып қалды, бірақ бір жыл ішінде өзгерген жоқ – бір шаршы метр үшін 326,1 мың теңге (762 доллар).

"Тұрмысқа жайлы тұрғын үйдің орташа құны бір шаршы метр үшін 220,7 мың теңге (515,7 доллар – Sputnik) болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,1% артық", - делінген хабарламада.

Қайталама нарықтағы ең жоғары баға: Нұр-Сұлтанда –  шаршы метрі 375,6 мың теңге (878 доллар, бір жылда 4,3% өскен), Алматыда – 370,7 мың теңге (866 доллар, жылына 1,1%).

Атырауда – 264,2 мың теңге (617 доллар), Ақтауда – 249,3 мың теңге (583 доллар).

Жабдықталмаған тұрғын үйді сатудың орташа бағасы бір шаршы метр үшін 133,5 мың теңге немесе 312 доллар болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,4% -ға артық.

Тұрғы үй бағасы неліктен қымбаттап жатыр   

"5-10-20" және "7-20-25" мемлекеттік бағдарламаларының шарттарына сәйкес келетін жобалардың жетіспеуі қазіргі бағаны уақытша ұстап тұруға көмектеседі", - дейді мамандар.

Болжамдарға сәйкес, алдағы жылдары жаңа құрылыстардағы пәтерлердің бағасы тағы 10% өседі.

Коронавирус пандемиясына байланысты құрылыс компаниялары санының азаюы да бағаның өсуіне себеп болмақ.

дереккөзі:Sputnik.kz

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар