Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар сағат сайын көбеюде: 437 бала ауруханада емделіп жатыр
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 627 адам ем алып жатыр. Бұл туралы KYN.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 627 адам ем алуда. Олардың арасында 437 бала бар. Стационарларда 3 001 науқас жатыр. 5 626 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 191 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген министрлік хабарламасында.