Сәтбаевта 6 жасар қызды бірнеше ит талап өлтіріп қойды
Полиция қара жамылған әлеттегі қайғылы жағдайға байланысты баланың ата-анасын жауапқа тарту мәселесін көтеріп жатыр.
15 қараша күні сағат 17:00 шамасында Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің кезекші бөліміне «жедел жәрдем» дәрігерлерінен қаланың саяжайлы аймағының бірінде итке таланған 6 жасар қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Полиция қызметкерлері жәбірленушінің ата-анасымен бірге саяжайда тұрғанын анықтады. Сол күні үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз жүрген қыз иттердің арасында жалғыз қалып қойған.
«Қайғылы өлім фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Мән-жайлар анықталуда. Полицейлер баланың ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесін шешуде.
Иттерді аулау бойынша тиісті ветеринарлық қызметтерге нұсқама жолданды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.