Пятница, 2 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Алматыда дезинфекция жасап жүргендер айлықтарын ала алмай отыр

26.11.2020
0
Алматыда дезинфекция жасап жүргендер айлықтарын ала алмай отыр

Жауаптылар атқарылған жұмыс үшін ақша екі күн бұрын аударылғанын айтты. Мердігерлер дезинфекция туралы барлық есепті ұсынғаннан кейін тағы да қаржы аудару жоспарланған

 Алматыда үйлердің кіреберісін зарарсыздандыратын мамандар екі аптадан бері атқарылған жұмыстың ақысын алмағанын айтып шағымданды. Олардың айтуынша, басшылық әрбір адамға кемінде 50 мың теңгеден қарыз. Пәтер иелерінің кооперативі атқарылған жұмыс туралы актілерді қабылдамаған.

Бұған дейін олар күн сайын бес мың теңгеден алып жүрген. Ал қазір қаланың коммуналдық қызметі атқарылған жұмыс туралы актілерді қабылдауды тоқтатқан, деп хабарлады КТК телеарнасы.

«Қазірдің өзінде біз инфекция ошағын дезинфекциялауды тоқтатқан жоқпыз. Өйткені жауапкершілік бар екенін түсінеміз. Бізде шамамен 100 үй бар. Қызметкерлер орта есеппен жұмысты кешкі сағат 10-да аяқтайды.

Тұрғын үй-коммуналдық қызмет біздің жағдайымызды түсініп отырған жоқ. Қызметкерлер актілерді алып аязда жүреді, қағазды басып шығарады. Ал олар бізге актілерді қайтарып жібереді. «Жұмысты аяғына дейін істеу керек» деп айтады», — дейді дезинфекция жөніндегі менеджер Бабек Жұмақаев.

Жұмыс тобын әртүрлі нысанға тасымалдайтын жүргізушілер дизель отынын сатып алуға ақша жоқ екенін айтты. Оны мердігер ұйым төлеуі қажет. Алайда 10 күннен бері ер адам өз ақшасына жанармай құйып келеді. Айтуынша, оған шамамен 200 мың теңге қарыз.

«Күніне жанармайға шамамен алты мың теңге кетеді, тамақ бар, күніне маған 10 мың теңге керек. Бұл фирма. Оларға әкімдік ақша бермей отыр. Жазда бұлай қиын болған жоқ, себебі көліктің басым бөлігі дизель отынымен жүреді. Қазір ол қатып қалады. Таңертең көлік оталуы үшін оған түрлі қоспа қосамыз. Қыста шығын көп болады», — деді жүргізуші Сабыр Нұрматов.

Сонымен қатар мердігер ұйым дезинфекция жасаушылардың қаладағы сегіз ауданның бесеуінде жұмыс істейтінін айтты. Ал жұмыстың сапасын коммуналдық қызмет тексереді. Есеп әкімдікке жіберіледі. Сол себепті шенеуніктер тексергеннен кейін ғана ақша шотқа жіберіледі.

«Шамамен өткен екі аптада ақша төлеген жоқпыз. Қомақты сомаға толтырылған актілер жатыр. Бұл шамамен 200 миллион теңге. Біз төлем жасауға актілерді тапсырдық. Ішкі процестерге байланысты төлем жасалмады», — деді «Қала жарығы» ЖШС директоры Мейіржан Тоқтарақын.

Ал әкімдіктің айтуынша, бұл актілер тез тексеріледі, ақшаны да уақытында төлеуге дайын. Алайда тек сапалы атқарылған жұмыс үшін төлейтінін айтты. Көптеген қала тұрғыны кіреберіс пен көшелердегі тазарту жұмыстарына көңілі толмайды.

«Тұрғындар пәтер иелері коперативіне хабарласып, жұмыстың сапасыз жүргізілгенін айтатын жағдайлар кездеседі. Мұндай сәтте біз оларда қайтадан жібереміз. Біздің тарапымыздан орындалған жұмыстардың актілеріне қатысты мәселе жоқ, тексереміз, әрі қарай жұмысқа кетеді.

Мердігер ұйым кешіктіретін сәттер де кездеседі. Яғни, олар бізге орындалған жұмыстардың актісін кеш әкеледі», — деп атап өтті Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Жандос Қайырханов.

Оның айтуынша, атқарылған жұмыстар үшін ақша екі күн бұрын аударылған. Мердігерлер дезинфекция туралы барлық есепті ұсынғаннан кейін тағы да ақша жіберіледі. Егер мәселе шешілмесе, дезинфекция жасаушылар еңбек инспекциясына жүгінеді.

Бөлісу10Твит6
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1726 бөлісу
    Бөлісу 690 Твит 432
  • Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты

    1431 бөлісу
    Бөлісу 572 Твит 358
  • Қызылордалық 5 баланың анасы: Жамбыл облыстық полиция мен прокуратура қызметкерлері күйеуіме жала жауып, қамағалы отыр (видео)

    1108 бөлісу
    Бөлісу 443 Твит 277
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1948 бөлісу
    Бөлісу 779 Твит 487
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    988 бөлісу
    Бөлісу 395 Твит 247
  • Гілі-Гілі есімімен танылған актер Тұңғышбай Жаманқұлов бірнеше рет жолын жапқанын айтты

    946 бөлісу
    Бөлісу 378 Твит 237
  • Мәжілісмен Мақсат Толықбай Болат Атабаев туралы деректі фильмге қаражат тауып беретін болды

    909 бөлісу
    Бөлісу 364 Твит 227
  • Алматы облысында екі әйелі бар әке туған екі қызын он жыл бойы зорлап келген

    806 бөлісу
    Бөлісу 322 Твит 202
  • «Қыздар үйге іздеп келетін»: Алмат Сақатов әйелінің шыдамдылығына ризашылығын білдірді

    716 бөлісу
    Бөлісу 286 Твит 179
  • Құралай Нұрқаділова психологияға әкесіне көмектесу үшін келгенін айтты

    668 бөлісу
    Бөлісу 267 Твит 167
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.