Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қапшағайда мейірімді жандар бірігіп мұқтаждарға 11 млн теңгеге қажетін алып берді

Қапшағайда мейірімді жандар бірігіп мұқтаждарға 11 млн теңгеге қажетін алып берді
ашық дереккөз

1600-ден астам көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар қайырымды жандардан көмір, азық-түлік пакетін алды  

Қапшағайда "Мейірімді адамдар" қайырымдылық шарасы қарқын алды, оған меценаттар мен ірі кәсіпкерлер қатысып жатыр.

Қапшағай қаласында 1655 көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыға 11 миллион теңгеге қайырымдылық көмек жасалды. Демеушілердің қаржысына 700 көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыға жалпы сомасы 5 миллион 325 мың теңгеге азық-түлік берілген.

"Тағы 55 отбасыға 1 миллион 540 мың теңгеге көмір сатып алынды. Сол сияқты жаңа жыл қарсаңында мүмкіндігі шектеулі 700 балаға 2 миллион 100 мың теңгенің сыйлығы тапсырылды", - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Бұдан бөлек "Мейірімді адамдар" қайырымдылық шарасы шеңберінде 200 отбасыға 2 миллион теңгеге азық-түлік пакеті таратылды.

  

Жалпы Қапшағай қаласы мен өңірінде бүгінгі күнге дейін 1655 отбасыға жалпы сомасы 10 миллион 965 мың теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілген.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар