Вторник, 30 мая, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Сот төрелігін іске асыру кезінде-судья толықтай тәуелсіз

30.12.2020
0
Сот төрелігін іске асыру кезінде-судья толықтай тәуелсіз

Биліктің бір тармағы ретінде соттың мемлекет дамуында атқаратын қызметі зор. Демократиялық жолды таңдаған елге тән негізгі белгілердің бірі онда қоғамның барлық саласындағы қарым-қатынастардың заңмен реттелетіндігі. Ал, сол заң аясында реттелген қарым-қатынастар барысында туындайтын құқықтық дау-дамайлардың бәрі тек сот арқылы шешіледі. Бұл да зайырлы, демократиялық дамуды таңдаған мемлекеттің еншісіне тиесілі басты артықшылық. 

Аталмыш ауқымды міндетті атқару барысында сотқа түрлі сыртқы ықпал етулер болуы мүмкін. Оған жол берілген жағдайда судьяның әділ шешім шығаруы да екіталай. Осы себепті де Қазақстанда соттардың құзыреті, тәуелсіздігі заңмен, оның ішінде ең әуелі Конституциямен айқындалып, ерекше мәртебе берілген. Басты құжаттың 75-бабының 1-бөлімінде «Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады» деп тайға таңба басқандай анық көрсетілген. Яғни, басқа ешқандай да орган сот секілді мемлекет атынан шешім шығара алмайды. Сондықтан да, осынау мәртебеге қазылар қашанда лайықты болуы керек.Судьялардың дербестігі басқа да заңдармен көзделген және оның бәрі өз кезегінде Конституцияға негізделеді. 

Мәселен, ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 22-бабына сүйенсек, «Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады». Аталмыш баптың 2-бөлімінде қандай да бір сот қызметіне араласушылыққа тыйым салынған. Олай болған жағдайда жауапкершілік көзделеді. Сондай-ақ, іс қарап, шешім не үкім шығару барысында сотқа бейтараптылық позициясын ұстану міндеті жүктелген. Қылмыстық процестік кодекстің 23-бабы 5-бөлімі бойынша, сот не айыптаушы, не қорғаушы тарап жағында болмайды және қандай да бір мүдделерді көздемейді. Себебі,осының біріне жол берілген жағдайда соттың тәуелсіздігіне, үкімді әділ әрі объективті шығаратынына көпшіліктің күмәні туары сөзсіз. Бұл өз кезегінде қоғамның сотқа деген сеніміне селкеу түсіруі ғажап емес. Ал, оның аржағында тұтас мемлекетке деген сенім мәселесі тұр. 

Елбасының да сот беделі мемлекет беделімен тығыз байланысты екенін үнемі еске салып, сот төрелігінің сапасын арттыруға бағытталған тың міндеттер жүктеп отыратыны да сондықтан. Елімізде бұл мақсатта ауқымды реформалар атқарылып та келеді және олар жеміссіз емес. Халықтың қандай да бір құқықтық келіспеушілікті сот арқылы шешкенді құп көретіндігі соның айғағы болса керек. 

Талгат Макулов 

Алатау аудандық сотының судьясы 

Алматы қаласы 

Бөлісу8Твит5
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1924 бөлісу
    Бөлісу 770 Твит 481
  • Қазақстанда демалыс орындары «өзіңізбен тамақ алып кірмейсіз» десе тұтынушы құқығын таптағаны

    1212 бөлісу
    Бөлісу 485 Твит 303
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1137 бөлісу
    Бөлісу 455 Твит 284
  • Оранған бойжеткенді зорламақ болған ұлттық қауіпсіздік қызметкеріне сот үкімі шықты

    1119 бөлісу
    Бөлісу 448 Твит 280
  • Алматыда 19- қабаттан секірген қыз туралы жаңа деректер шықты

    818 бөлісу
    Бөлісу 327 Твит 205
  • 16 жыл бұрын әйелінен айырылған Аманжол Әлтаев неліктен үйленбегенін айтты

    2075 бөлісу
    Бөлісу 830 Твит 519
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    555 бөлісу
    Бөлісу 222 Твит 139
  • Енесіне еркелеген Азамат Сатыбалдының жұбайы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    870 бөлісу
    Бөлісу 348 Твит 218
  • «Енді оларды ешкім алмайды» Имам мектеп бітіру кешінде вальс билеу үрдісін тоқтатуды талап етті

    835 бөлісу
    Бөлісу 334 Твит 209
  • Оранған блогер хиджап кигені үшін ақша берілетінін және арнайы келісімшартқа отырғандарын мойындады

    994 бөлісу
    Бөлісу 398 Твит 249
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.