Басты жаңалықтар

Балалар үйінің түлегі "жетім балаларға қатысты саясаттағы"шындықты жайып салды

Балалар үйінің түлегі Бекебаев Самат жаңа заңға қатысты өзінің пікірін білдірді. Сондай-ақ балалар үйінің тілегі жаңа заң қабылданар болса елде тірі жетімдер саны алты есеге артады, деп жазды KYN.KZ тілшісі.


"Айта кетейін бізде жетімдер саны өте көп, және оны азайту мүмкін болмай жатыр. Бюджеттен асырап алуға бөлінетін қаржы да мәз емес. Сондықтан балаларды асырап алушыдан көрі тастаушылар көп. Егер жаңа заңнама қабылданса онда тірі жетімдердің саны алты есеге артады. Жеке басым мені бір емес бірнеше отбасы асырап алуға ниет білдірген.

Алайда балалар үйінің басшылары немесе Шымкенттік басқарма басшылары апта сайын ай сайын мені асырап алған отбасылардың үйіне кез келген уақытта барып тексеру жүргізеді. Көптеген құжатқа байланысты кедергілер болады. Ал оған себеп мені балалар үйіне қайтару. Мен сияқты мыңдаған балалар үйінің түлектері бар.

Көбісін бір емес бірнеше отбасы асырап қайта балалар үйіне әкелген. Болашағымыз жетім мен қарттар үйі тола болады. Қысқасы Ұлдарымызды Америка ға немесе шетелге емес, немесе балалар үйі мен түрлі жетімдер үйінде емес тек өз ата анасымен қалуды бұйырсын",- деді Бекебаев Самат.