Басты жаңалықтар

Балалар үйінің үздік түлегі өзінің арманымен бөлісті

Балалар үйінің түлегі қоғамдағы ата- ана мен балалар арасындағы түсінбеушілік пен салдарын шешуді армандайды.

"Біз ашаршылықты сағындық. Қоқысқа тасталатын балаларға қатысты ақпараттар көбейіп жатыр. Қазақ өз баласын қоқысқа тастады дегенге сенгім келмейді.

Бірақ амал қанша көріпте, естіпте жүрміз. Кейде жатып ойланам осы қазаққа не жетпейді? Алаңда шулап жүретін қазақ, бірінің етін бірі жейтін қазақ. Қазақ қазақты ғана жетімдер үйіне тастайды, қазақ қазаққа ғана зәбір көрсетіп, зорлайды. Осы біз ашаршылық заманын сағындық - ау деп көп ойланам.

Мен президент болсам не істер едім? Президент болуды кім армандамайды, бәрі президент болғысы келетін шығар, бірақ өзіме келетін болсам тек екі мәселені шешіп, шемін тапқан кезде сол күні орнымнан кетер едім. Бірінші ол - арақ. Соның салдарынан болатын қиындықтар. Себебі, балалар үйіне түсетін балалардың көбісінің тағдыры арақтың кесірінен бүлінген.

Яғни әке шешесі арақ ішкеніне баласы кінәлі сияқты, баласы өмірде ең ауыр зардап шегеді. Екіншісі өз балаларын тастаған немесе өз әке шешесін тастаған адамдарға ауыр жаза заңнамасын қарастыратын едім. Ал қоқысқа өз баласын тастаған ата-аналарды өлім жазасын кесетін едім",- дейді балалар үйінің үздік түлегі Самат Бекебаев.