"Ұлым ұрысты":Түсіпбаева күйеуімен ажырасу себебін ашық айтты
Танымал әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева алғаш рет күйеуімен ажырасу себебін атап, ұлының өзіне салатын тыйымдары жайлы әңгіме қозғады, деп жазды KYN.KZ.
Әншінің сөзінше жалғыз ұлы бүгінде Нұр- Сұлтан қаласында тұрады. Университетте білім алып жүр.
"Ұлым өте иманды жігіт болып өсті. Өзінің ішкі қалауы бойынша басында медреседе білім алды. Ол жерде жігіттер бөлек, қыздар бөлек оқитын. бірде қызық жағдай болды, бетіме ине егіп үйге кіріп келген едім.
Алдымнан қарсы алған ұлым "Мама, қарттықпен алыспа, бұл дұрыс емес" деді. Содан бері ойланып жүрмін. Менің түсінігімде өнер адамы өзіне қарамаса, тыңдарманын, көрерменін сыйламау. Бір жағынан ұлымның сөзі ойымда тұр. Қазірге нақты шешім қабылдамадым",- дейді әнші.
Түсіпбаева ұлы жайлы әңгімелей отырып, оның әкесіне де тоқталды.
"Мен шымкенттік жігітке тұрмысқа шықтым. Ол кісіні алғашқы екі бейнебаяныма түсірдім. Студент шақтағы махаббат болғандықтан да шығар, ештеңеге қарамастан үйленіп алдық. Содан тұңғышымды кесір тілігі арқылы қиындықпен дүниеге алып келдім.
Өзім табиғатымнан жауапкершілікті мойныма алғышпын, содан да болған шығар. Ұлымның әкесі "ескекті қолына алмады". Отбасында неше адам бар бәрін бағуыма тура келді. Содан шыдам таусылып екіге айырылдық. Меннен кейін ол кісі үйленді, ажырасты. Содан енем айтады екен "Бұған Меруерттен артығы жоқ" деп.
Шымкенттіктер солай баға беріпті. Қазір ұлымның туыстарымен араласамыз. Мен ашулы кезде алдымдағы адамға бар ойымды жайып саламын. Сосын оны ұмытып қаламын, бастысы кек ұстамаймын. Содан ол кісілердің біреуіне де реніш, өкпем жоқ.
Кейде бір туыстарым ренжіп жүреді. Сосын білсем бұрында, баяғы заманда бірдеңе айтып қойған екенмін. Менің мінезім солай, ешкімге ренжімеймін, ойымды айтамын сосын ұмытып қаламын",-деп күлді Меруерт Түсіпбаева.
Әнші келінімен тұрғысы келмейтінін қазірден айтып отыр. Ұлы сүйген жан өзіне көп немере сыйласа болды екен.
"Ұлға екі қаладан екі үй алып қойдым. Қайда тұрамын десе де өзі білсін. Мен олардың өміріне араласпаймын. Бастысы бақытты, өздерімен өздері болса екен",-деді әнші.