Басты жаңалықтар

Бала неше жасында сөйлеуі керек?: Себептері мен дәрігердің кеңесі

Баланың тез сөйлеуін тексерудің жолдары: 1,5 айында уілдеуі керек, 6 айында былдырлауы қажет, 8 айында баланың дауысы шыққанда қандай да бір әріптер шығады, 1 жасында екі әріпті сөздерді айтуы керек.

Кей балалардың тілі шықпауына, ересектердің сөйлеспеуі, тұқымында яғни анасы немесе әкесінде тілі кеш шыққан немесе тілінде мүкістігі бар болуы мүмкін.

Баланың тілі шықпауына себеп көп. Оны дәрігердің тексеруі арқылы анықтаған жөн.

1.Бала бір уақытта бірнеше ортада жүрсе сөйлеуі кешеуілдейді. Бірнеше орта дегеніміз қазақ, орыс, ағылшын тілді ортада жүруі мүмкін. Үйде анасы орысша, апа-атасы қазақша, балабақшада ағылшын тілін оқуы.

2. Үлкендердің өзі балаға қысқа сөйлеммен бірақ нақты сөйлеуі керек. Мысалы, "кел", "нан" деп айтасалудың орнына "Кел нанды алып жей қой" деп толық айтқанның өз пайдасы бар. Бала "Нан" демейді. "Нан жеймін" деп қосып айтатын болады. Сосын "Ұйықтаймыз" деген сөзді "Ұх дейміз" деген сияқты қысқартудың қажеті жоқ.

3. Бала теледидар, немесе телефон арқылы мультфильм көргенде тек суреттерді тамашалап отырмауы керек. Ересек адам жағдайды толық әрі қысқа сөйлемдермен баяндап отырғаны дұрыс. Балаға 1,5 жасқа дейін мүлде телефон көрсетпегені дұрыс.

4. Бала екі жастан кейін сөйлемесе дәрігерге алып бару керек. Невропатолог, сурдолог маманға қаралғаны дұрыс. Баланың құлағы естімеуі де мүмкін. Бірақ бала үш жасқа толғанда ғана тілдік диагноз қойылады.

Логопедтер әр қаріпке байланысты түрлі жаттығуларды қолдана отырып балаға әріпті айтуды үйретеді. тек баланы ертерек алып бару керек. Бала есейіп кетсе әріпті айтуды үйренгенімен сөйлеу барысында әдет бойынша оны қолданбайтын болады.