Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан 1-орынды иеленді
Қазақстан бокстан Азия чемпионатында 8 алтын медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте бірінші орыннан көрінді
Ерлер мен әйелдер жекпе-жектерінің қорытындысы бойынша 2021 жылғы бокстан Азия чемпионатының жалпы командалық медальдық есебі шығарылды, деп хабарлады Sports.kz.
Турнирде Қазақстанның ерлер құрамасы бірде-бір алтын ала алмады, алайда әйелдер құрамасы сегіз алтын медаль жеңіп алды – бұл елдің медальдық есепте бірінші орынды иеленуіне жеткілікті болды. Екінші орынды Өзбекстан, үшінші орынды Моңғолия иеленді.
2021 жылғы Азия чемпионатының медальдық есебі:
1. Қазақстан - 8-6-2
2. Өзбекстан - 7-6-5
3. Моңғолия - 3-0-5
4. Үндістан - 2-5-8
5. Иран - 0-2-2
6. Индонезия - 0-1-0
7. Қырғызстан - 0-0-4
7. Тәжікстан - 0-0-4
7. Филиппины - 0-0-4
10. Кувейт - 0-0-2
11. Шри-Ланка - 0-0-1
11. БАӘ - 0-0-1.