"Келін үй қызметшісі емес": Меруерт Түсіпбаева жастардың арасына түсетін енелерге ренжіді
Актриса әрі әнші Меруерт Түсіпбаева жақында ғана ажырасқанын айтқан Айжұлдыз Адайбекованы мысалға ала отырып, келінін күң көретін енелерге деген өкпесін айтты.
Өнер иесі шығармашылық адамына еркіндік ауадай қажет екенін алға тарта отырып "ұят болады" сөзін қоғам әсіресе қазақтың қарапайым отбасылары дұрыс түсінбейтініне өкінді.
Әнші жалғыз ұлы болса да ешқашан келінімен бір күн де бірге тұрмайтынын бұрыннан айтып келеді. Сондай-ақ, келінді менсінбеу ұлын құрдымға сүйреумен тең екенін енелер уақытылы түсінсе екен дейді.
"Осы өзекті тақырып аясында әңгіме көп.... Біз, қазақтар: " Ұят болады"- деп жылы жабамыз....( ылғи сол) Айжұлдыз , ажырасуының себебін ашық айтты!! Келісемін!!!Келін- үйқызметшісі емес!!! Сол келін, бұрын сол уйде болмағанда, әлі келін болып түспей жатқандаааа, еден жуылып, шаң сүртілді емес пе?! Аш отырған ба, сонда, сол уйдің адамдары, келіннің түсуін күтіп?!
Мен, өз басым, біреудің алақанға салып өсірген қызын, өзге босағаны аттай сала, жұмсай жөнелгенді құптамаймын!!! Казіргі жастардың денсаулығы да жарамайды оған.... Атам заманда, “Сарыағашқа” келін болып түскенімде, беташар біте сала қайын апам , шаңсорғышты меңзеп- “ Тазала!!” дегені әлі есімде... Адаптация қайда сонда?! Бөтен ортаға түсіп, онсызда мазасыз күй кешіп тұрған нәзік жандыға - бәрі стресс!!!
Мен, талай рет сұхбат бергенде айттым: “ Мен, бір күн, келініммен тұрмаймын деп” . Ол, болашақ келінімді немесе баламды жақтыртпағанымнан емес!!! (Бір тал балам- көзімнің ағы мен қарасы.... ) Жаңа ғана отбасын құрған, екі жас, өздерімен өздері болып, бір- бірімен тіл табысу керек, басында... Жоқ!!
Бізде , келінді құң қылып, екі жастың ортасына килігіп, ( әсіресе аналары) жаңа өмірге, жаңа уйренісіп жатқан жастардың есін шығарады !!Ол - ҚАТЕ!! Соның кесірінен , Қазақстанда - ажырасу көп!!! Жастарға еркіндік беріңіздер. Жастарға осы өмірге бейімделуге, қиындық пен жетістіктің дәмін сезінуге мүмкіндік беріңіздер! Оларға тыныштық беріңіздер! Ал, өздеріңіз, өз өмірлеріңіздің қожасы болыңыздар",- деп жазды әнші Меруерт Түсіпбаева.