Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Нұр-Сұлтанда оқушылар емтиханнан кейін ауруханаға түсті

08.06.2021
0
Нұр-Сұлтанда оқушылар емтиханнан кейін ауруханаға түсті

Желіде тараған кейбір деректерде қызметкерлер емтихан жүріп жатқан бөлмедегі кварц шамын сөндіруді ұмытып кеткені айтылады

Елордадағы мектептің төрт оқушысы кварц әсерінен көздері зақымдалды, деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Астаналық басқарма ұсынған ақпаратқа сәйкес, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жедел жәрдем көмегімен оқушылар жеткізілді. Олар кварц шамының әсерінен кейін өздерін нашар сезінгенін айтқан.

Төрт оқушыны дәрігерлер тексерді. Зардап шеккендер арасында 2004 жылы туған үш бала және 2005 жылы туған бір оқушы бар.

«Оларды тексеру кезінде жеңіл деңгейде электроофтальмия (көз алмасының зақымдалуы) анықталды», – делінген хабарламада.

Дәрігер тексергеннен кейін төрт оқушы да үйлеріне жіберілді. Олар тұратын мекенжайы бойынша амбулаториялық емдеу алады.

Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі оқиғаның осы оқу орнында болғанын растады.

«Иә, расында мұндай жағдай болды. Оқиға Назарбаев зияткерлік мектебінің халықаралық бакалавриат мектебінде болды. Қазір мектепте қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Барлық кінәлі тұлға жауапқа тартылады», — деді мектептегілер. 

Бүгін оқушылар медициналық тексеруден өту үшін емтиханнан босатылған. Емдеу мен оңалтуға байланысты барлық шығынды білім беру ұйымы өзі көтереді.

Баспасөз қызметінің хабарлауыша, барлық зияткерлік мектепте бактерияға қарсы шамдарды қолдану бойынша қосымша нұсқау жүргізіледі.

Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша, Нұр-Сұлтандағы мектептердің бірінде оқушылар кварцтеуге арналған ультракүлгін шам сөндірілмеген кабинетте мемлекеттік емтихан тапсырған.

Оқушылар кварц қосылған бөлмеде бір жарым сағат бойы отырған. Кешке қарай олар денсаулығына шағымданған соң жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.

Бөлісу3Твит2
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3846 бөлісу
    Бөлісу 1538 Твит 962
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2116 бөлісу
    Бөлісу 846 Твит 529
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1681 бөлісу
    Бөлісу 672 Твит 420
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1590 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1475 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2118 бөлісу
    Бөлісу 847 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1438 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 360
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1108 бөлісу
    Бөлісу 443 Твит 277
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.