Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ғалымдар ит жаман адамды бірден білетінін дәлелдеді

Ғалымдар ит жаман адамды бірден білетінін дәлелдеді
ашық дереккөз

Әсіресе қала тұрғындары үй жануарын асырағысы келгенде ит немесе мысық деп бас қатырып жатады. Әрине әр жануардың өз ерекшелігі бар. Алдымен сіз қандай мақсатта асырағыңыз келетінін нақтылап алғаныңыз жөн.

KYN.KZ сайты тілшісі иттердің бойында болатын ерекше қасиеттерді ғалымдар дәлелдегенін хабарлайды.

Егер сіз ит асырасаңыз оның әр қиымылына назар аударыңыз. Себебі ит жанындағы адамның ішкі сезімін, ойын сезетін нағыз психолог әрі детектив. Мысалы оған жақсы қарасаңыз ол қасыңызда тұрған адамның сізге қауіп төндіріп немесе жаман пиғылда әрекет еткелі жатқанын түсіндіре алады.

Бұл тәжірибені Акико Такаока есімді қытай университетінің ғалымы әріптестерімен біріге отырып жүргізген. Оқымысты тәжірибенің растығына көз жеткізу мақсатында зерттеуді үш бөлімге бөліп жасаған.

Бірінші тәжірибе кезінде иттің иесі екі ыдысты меңзейді. Олардың бірі бос, екіншісінде тамақ бар. Келесі адам төбетке бос ыдысты қолымен нұсқайды. Ит оның көрсеткен бағытын баруы керек тапсырма ретінде қабылдап, соңынан ерген. Бірақ жол бойы ол ашуға бой алдырып, жақтырмай тұрғанын дауысымен білдірген. Тәжірибеге отыз төрт ит қатыстырылған. Ашық аспан астында болған сынаққа қатысқан иттердің біреуі де бос ыдыстың маңына да жуымаған.

Екінші сынақта ит иесі кездейсоқ адамнан көмек сұрайды. Олардың бірі көмектессе екіншісі елемейді, үшіншісі тіпті дауыс көтеріп ұрысып кетеді. Оның барлығын көрген итке кейіннен сол адамдардың барлығы тамақ береді. Иесіне дауыс көтеріп, көмек қолын созудан бас тартқан адамдар кейіннен киімін ауыстырып иттерге тамақ берген, таң қаларлығы иттердің барлығы делік тек қожайынына көмек қолын созған адам берген асты ғана жеген.

Иттердің дені қожайынына жақсы қарым-қатынаста , жағымды ойда болатын адамдарға сенім білдіріп, жылы қабақ танытады екен. Ол үшін ит иесі төбетке өз баласындай қарап, қамқорлық көрсетіп, жақсы қарағаны жөн. Иттің сеніміне кірген қожайынды үй жануары қызғыштай қорғайды.

Сіздің итіңіз айналаңыздағы адамдардың барлығына жақсы қарым-қатынаста ма? Егер достарыңыздың бірін жақтырмаса ол адамның итіңізге немесе оның сүйікті, қамқоршы қожайынына жағымсыз қылығы немесе ойы бар деген сөз. Ғалымдар алдағы уақытта қасқырлардың мінезін осындай тәжірибеден өткізбекші.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар