Солтүстік Қазақстанда демалыс базасында бес жігіт 17 жастағы қызды зорлаған
Ұсталғандардың барлығы - 17-20 жастағы жігіттер. Олар бір қызды жабылып зорлағаны үшін айыпталып отыр
Солтүстік Қазақстан облысындағы демалыс базасында 17 жастағы қызды зорлап кетті. Осы іске қатысы бар деген күдікпен бес адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция депаратментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 11 маусымда полицияға Петропавл қаласының тұрғыны хабарласып, "Березовая роща" демалыс базасында қызын зорлап кеткені туралы арыз түсірді.
Айта кетейік, зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет үшін 15-17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қазіргі кезде үш жігіт уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Ал екеуіне қатысты қолданылатын шара тергеу барысында анықталады. Сот сараптамасы белгіленді.