Мектепті бітірмей жатып қылмыскер атанды: ҰБТ-ға түлектердің орнына студенттер кірген
- автор kyn.kz
- 15 маусым, 2021
- 237
Бұл туралы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының экс-директоры Дидар Смағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Елордада ҰБТ-ға түлектердің орнына студенттер кіруге тырысқан. Бұл туралы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының экс-директоры Дидар Смағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Мектепті бітірмей қылмыскер болып шықты. Бұл пост қалжың емес, өкінішке қарай, оған да жеттік. ҰБТ 2021-ге +1 қылмыстық іс: ҚР Қылмыстық Кодексінің 385-бабының 2-бөлімі (Жалған құжаттарды қолдан жасау) бойынша. ҰБТ-ға кіргізу барысында 4 түлектің орнына (оның ішінде 1 «Алтын белгі» иегері) 4 студент кіруге тырысты», – деп жазады Дидар Смағұлов.
Оның сөзінше, Biometric секілді заманауи сәйкестендіру технологияларының барында мұндай әрекеттер тіпті орынсыз. Қылмыстық жауапкершілікке елордалық білім беру орталығының өкілдері де тартылатын болады.
«ҰТО директорының м.а. Наужан Әбдісатарқызы Дидарбекованың басшылығымен, тестілеу орталығының кәсіби қызметкерлерінің көрсеткен қырағылығы мен UStudy Kazakhstan , Олжас Куспеков, Biometric заманауи сәйкестендіру технологияларының барында мұндай әрекеттер тіпті орынсыз. Қылмыстық жауапкершілікке елордалық білім беру орталығының өкілдері де тартылатын болады. Өз болашағыңызға балта шаппаңыз!» – деді Дидар Смағұлов.