Пятница, 9 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Балалардың тілі қазақша шығуы тиіс: Телеарналар тілін 100% мемлекеттік тілге көшіруіміз керек

15.06.2021
0
Балалардың тілі қазақша шығуы тиіс: Телеарналар тілін 100% мемлекеттік тілге көшіруіміз керек

Қарағандылық Елизавета Седышева қазақ тілінің дамуына бірден бір септігі тиетін дүние телеарналардың тілін мемлекеттік тілге ауыстыру екенін атап өтті. Оның сөзінше Қазақстанда туған, тұратын әр азамат мемлекеттік тілді білуге міндетті.

Балалардың тілі қазақша шығуы тиіс! Менің ұлтым қазақ болмаса да, жүрегім – қазақ. Қазақ тілін ана тілімдей құрметтеп, ойымды қазақша жеткізгенде талайы таң қалады. Әрине, мен осындай қасиетті елде дүниеге келдім. Қасиетті елдің қастерлі тілі бойыма дем алған ауамен, ішкен суымен бірге дарыды. Тіпті, осыған дейін қамқор болып, қасымнан табылған ізгі ниетті адамдар да басымнан сипап, жақсы тілектерін осы тілде жеткізген екен. Тағдырдың жазуымен Теміртау қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленіп, қазақтың тілімен қатар, көркем дәстүріне қанып өстім. Әр кез қасымнан табылатын достарымды да қазақ ортасынан таптым. Достарым қазақ болған соң үнемі сөздік қорымды байытып, білім көкжиегін кеңейтуге тырысамын. Осы жерде туып, осы елдің азаматы болғандықтан, тілді білмеу – мен үшін ардың ісі.

Мен жаспын, алдымда – үлкен даңғыл жол! Елімізде біз үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. «Болашақ – жастардың қолында!» деген сөзді үнемі жадымда ұстап, Абайдың «Сен де бір кірпіш дүниеге тетігін тап та, бар қалан!» дегеніндей, еліміздің өркендеуі жолында мен де біліміммен, білігіммен бір кірпіші болуды көксеймін.

Ол үшін, әлбетте, қазақ тілін білу – міндетті! Замандастарымды қазақ тілін жетік меңгеруге, ойын қазақ тілінде ашық әрі еркін жеткізуге насихаттаймын. Себебі – болашақ қазақтың тілінде екенін әлдеқашан сезінгенмін.

Қазақстандықтар әлемдік мінбелерден қазақша сөйлеп, еліміздің абыройын асқақтатқанда менің жұдырықтай жүрегім ерекше қуанады. Себебі, мен де осы елдің бір бөлшегімін.

Қазақстан Республикасының Президенті қазақ тілі ұлтаралық қатынас тіліне айналуы керектігін жиі айтады. Тілді дамыту әрқайсысымыздың тікелей міндетіміз. Тіл – ең алдымен халқымыздың тарихының, мәдениетінің айнасы. Ал, мемлекетімізге қызмет ететін азаматтар осы құндылығымызды қастерлесе – еліміз ары қарай қарыштап дами түсетіні сөзсіз.

Біздің болашақ балаларымыздың тілі қазақша шығуы тиіс. Сондықтан ең алдымен телеарналар тілін мемлекеттік тілге 100 пайыз көшіруіміз керек деп есептеймін»,-деді Елизавета Седышева.

Бөлісу117Твит73
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2085 бөлісу
    Бөлісу 834 Твит 521
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2113 бөлісу
    Бөлісу 845 Твит 528
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1779 бөлісу
    Бөлісу 712 Твит 445
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1193 бөлісу
    Бөлісу 477 Твит 298
  • Танымал блогер Дана Есеева енемен тату болудың құпияларымен бөлісті

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер жол апатына түсті: екеуінің жағдайы аса ауыр

    998 бөлісу
    Бөлісу 399 Твит 250
  • Алмас Кішкенбаев не себепті сахнадан көрінбей кеткенін айтты

    1174 бөлісу
    Бөлісу 470 Твит 294
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    859 бөлісу
    Бөлісу 344 Твит 215
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    811 бөлісу
    Бөлісу 324 Твит 203
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    754 бөлісу
    Бөлісу 302 Твит 189
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.