Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Коронавирус вакцинадан кейін неге жұғады -  инфекционист түсіндірді

Коронавирус вакцинадан кейін неге жұғады -  инфекционист түсіндірді
ашық дереккөз

Вирусқа қарсы иммунитет қалыптасса, коронавирустың ауыр формасына шалдығу қаупі төмендейді 

Ресейлік инфекционист-дәрігер Андрей Поздняков вакцина салдырған адамдардың коронавирусты не себепті жұқтыратынын түсіндірді. 

"Біріншіден, әрбір адамның иммундық жүйесі әртүрлі. Сосын кейбір адамдарға вакцина әсер етпейді. Иә, адам ағзасына тән осындай бір ерекшеліктер болады. Осы топқа кіретін адамдар үшін екпенің стандартты дозасы тым аз, я болмаса, тым көп болып кетеді", - деді Поздняков РИА Новости тілшісіне берген сұхбатында.

Сол себепті бірде-бір вакцина өндіруші компания өз өніміне 100 процент кепілдік бере алмайды. Ал ауада вирус тым көп болса, кез келген адам аурады. Оған мықты иммунитет те көмектеспейді.

"Сондықтан вакцина алсаңыз да, сақтық шараларын ұмытпау қажет. Адам көп жүретін жерге бармауға тырысқан жөн", - деп атап көрсетті инфекционист.

Оның айтуынша, вирусқа қарсы иммунитет қалыптасса, коронавирустың ауыр формасына шалдығу қаупі төмендейді.

"Адам ағзасына таныс вирус түскенде иммундық процесс басталады. G иммуноглобулиндері іске қосылады. Осының арқасында ауру жеңіл өтеді, қатты өршіп кетсе де, өкпенің зақымдануы, ірі қан тамырларының тромбозы болмайды. Адам кәдімгідей тұмаумен ауырғандай болады", - дейді Поздняков.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар