Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Тұншықтырып, артынша өртеген: Алматыда элиталы кешеннен 18-дегі қыздың денесі табылды

08.11.2021
0
Тұншықтырып, артынша өртеген: Алматыда элиталы кешеннен 18-дегі  қыздың денесі табылды

Буындырып өлтірген соң өртеп жіберген. Алматыда 18 жасар қыздың мәйіті элиталы тұрғын үй кешенінде табылды. Өрімдей қызды аяусыз өлтірген қылмыскерді полицейлер әлі іздеуде. Қайғылы оқиғаның анық-қанығын KYN.KZ сайты КТК арнасына сілтеме жасай отырып таратады.

Жан түршігерлік жағдай Latifa тұрғын кешенінің 13 қабатындағы бір пәтерде болған. Тұрғындардың сөздерінше, марқұмның жігіті 18 жасар қызды өлтіріп, осы жерде өртеп жіберген. Түнгі сағат 1 шамасында айқай-шу шыққан бұл пәтерге кіре алмаймыз. Есігі мөрленген.

Кеше осы пәтерге жігітімен келген бойжеткен туған әпкесіне кешкі жеті шамасында «құрбымның үйінде түнеймін» деп жазып жіберген. Алайда біршама уақыт өткенннен кейін «ұрып жатыр» деп бір ауыз сөз жазып үлгеріп көмек сұраған. Дереу жетіп келген жақындары полиция шақыртыпты.

Данияр Оразов, Алматы қаласының тұрғыны:

— Азанда шықсам, екі бен бір бала келді. «Бірдеңе көрдіңіз бе? деді. «Жоқ, ештеңе көрмедім» дедім. Кейін олар полицияға хабарлады. Келді. Тексеру басталды. Иесі келіп ашты есікті. Көрді. Қызды қылқындырған, сосын өртеп жіберген.

13 қабатты бұл үйдегі пәтерлер түгел дерлік тәулікке жалға беріледі.  Солай бола тұра, ылғи да тыныш болатын дейді көршілері. Алайда осы жолы түн ортасында шыңғырған дауыс естіп күйіктің иісі сезілген.

Екатерина , көршіс:

— Пәтерді ашқан кезде жануарды өртегенде шығатын жиіркенішті иіс шықты. Сонымен қатар алкогольдің иісі де мүңкіп тұрды. 12 жарымда қатты соққыдан кейін шыңғырған дауыс естідім. Бірақ мен нәресте құлап жылаған шығар деп ойладым. Өлтірген жігіт түнгі сағат бірлерде қашып кеткен сияқты.

Аяусыз өлтіріп қашқан күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдіктінің кім екені анықталды. Ал тұрғын үй кешенінде жезөкшелер мекендейді деп мазасы қашқан тұрғындар марқұм қызды да жеңіл жүрісті деп, әлеуметтік желіде жария қылған. Мұны департаменттегілер жоққа шығарды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

— Алматы қаласының полиция департаменті аталған дерек ҚР ҚК 99- бабы, 2- бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіміне тіркеліп, Медеу аудандық полиция басқармасың өндірісінде екенін хабарлайды. Арнайы жедел тергеу тобы құрылды.

Жеке басы анықталған күдіктіні ұстау бойынша кешенді шаралар жүргізілуде. Осы ретте жәбірленушінің жеңіл жүрісті әйел болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз.

18 жасар бойжеткенді тұншықтырып өлтіріп, артынша өртеп жіберген қылмыскерді полицейлер іздеп жатыр. Қылмыстың мән-жайы мен себеп-салдары алдағы уақытта анықталады.

Бөлісу2Твит1
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1281 бөлісу
    Бөлісу 512 Твит 320
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.