Пятница, 9 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

«Несие төлеу мерзімін кейінге шегеру»: Депутаттар үкіметке ұсыныс жасады

11.11.2021
0
«Несие төлеу мерзімін кейінге шегеру»: Депутаттар үкіметке ұсыныс жасады

Сенаторлар үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, кредит төлей алмайтын азаматтардың мәселесіне қатысты бірнеше ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Депутат Ләззат Сүлейменнің айтуынша, Алматыдағы трагедия осы саладағы проблеманың бар екенін ашық көрсетті. Осыған байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев банктердің кепілзат саясаты, мүлікті бағалау мен жеке сот орындаушыларының қызметі бойынша нақты ұсыныстарды енгізуді тапсырған болатын.

Ал кредит алған адамның кепілге қойған мүлкін аукцион арқылы сату саласында құқықтық қайшылықтар бар. Оған қоса, сыбайлас жемқорлықтың қаупі де жоғары болып тұр.

«Осы салаға бақылау жүргізетін үкіметтік емес ұйымдардың мәліметіне сәйкес, сауда-саттық кезінде жалған тұлғалар арқылы борышкердің мүлкі төмен бағамен жиі сатылып жатады. Кей кезде бір адам бірнеше пәтерді сатып алады», — деді Сүлеймен сенаттың жалпы отырысында.

Әділет министрлігінің ақпараты бойынша сот орындаушылары 2016 жылдан бері аукцион арқылы 1 406 жылжымайтын мүлікті сатқан.

464 борышкер үйлерін өздері сатып, ақшасын қарызды жабуға салыпты. Ал 195 борышкерді үйден шығарып жіберген. Соның ішінде 74 проценті жалғыз баспанада тұрған.

Бас прокуратура болса, электронды сауда-саттықтың қаншалықты заңды өткізілгенін тексеріп шықты. 2015-2018 жылдар аралығында банктер аукционға шығарылған мүліктің 78 процентін сатып алған. Олармен бәсекелес болатын ешкім қатыспады. Қатысқан күннің өзінде, көбінесе, банк қызметкерлері болған. Ал кепілге салынған мүліктің бағасы орташа есеппен 30 процентке төмендетілді. Жеке сот орындаушылының үстінен арызданған адамдар да аз емес. 

«Осыған байланысты азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау үшін бірнеше ұсынысымыз бар. Біріншіден, борышкер келісімшарт талаптарын орындай алмаса, қаржылық жағдайы жақсарғанша қарызды төлеу мерзімін шегерудің ыңғайлы мүмкіндігін беру мәселесін қарастырған жөн. Екіншіден, кепілге салынған мүлікті бағалау кезінде инфляция деңгейін ескеру керек. Үшіншіден, жалғыз баспанадан шығарылатын азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесін реттеу қажет. Төртіншіден, кепілге салынған мүлікті пайдалану құқығын сақтау мен жалдамалы баспана беруді қарастырған дұрыс», — деп атап көрсетті Сүлеймен.

Бұдан бөлек, сенаторлар банктерге кепілзатты сатып алу аукциондарына қатысуға тыйым салу қажет деп санайды. Депутаттық сауал премьер-министр Асқар Маминнің атына жолданды.

Бөлісу1Твит1
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2074 бөлісу
    Бөлісу 830 Твит 519
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2110 бөлісу
    Бөлісу 844 Твит 528
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1778 бөлісу
    Бөлісу 711 Твит 445
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1185 бөлісу
    Бөлісу 474 Твит 296
  • Танымал блогер Дана Есеева енемен тату болудың құпияларымен бөлісті

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер жол апатына түсті: екеуінің жағдайы аса ауыр

    998 бөлісу
    Бөлісу 399 Твит 250
  • Алмас Кішкенбаев не себепті сахнадан көрінбей кеткенін айтты

    1173 бөлісу
    Бөлісу 469 Твит 293
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    855 бөлісу
    Бөлісу 342 Твит 214
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    807 бөлісу
    Бөлісу 323 Твит 202
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    742 бөлісу
    Бөлісу 297 Твит 186
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.