Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған баланың мектепке кіруіне тыйым салына ма

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған баланың мектепке кіруіне тыйым салына ма
ашық дереккөз

Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова ӨКҚ өткен брифингте коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған балалардың мектепте білім алуына тыйым салына ма деген сауалға жауап берді.

"Әлбетте, ешқандай шектеу қойылмайды. Қазақстанда вакцина ерікті әрі ата-анасының рұқсатымен салынады. Вакцинация жасау үшін баланың ата-анасының бірі келісім берсе жеткілікті", - деді Қалықова.

Сонымен бірге, ол Алматыда вакцинаға келісім берген ата-аналар саны күн сайын артып келетінін хабарлады. Дегенмен, оның сөзінше, нақты санын айту қиын, өйткені жағдай үнемі өзгеріп отырады.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аймақтық басқармалары түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, 10 қазанда Алматыға 12 жастан асқан балаларға, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға арналған Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы жеткізілген болатын.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар