"Қатын екенсің!" Еркебұлан Шыналиев Бақыт Сәрсекбаевты сынап тастады
Бокстан Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевты сынға алды. Еркебұланға Сәрсекбаевтың қазақ боксы төңірегіндегі айтқан пікірлері ұнамай қалған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді. Шыналиевке Бақыт Сәрсекбаевтың бокстан Белградта өткен әлем чемпионаты кезінде және Бақтияр Артаевқа қатысты айтқан пікірлері жақпай қалған. Ол өзінің жеке парақшасында Бақытқа қатысты жазба қалдырды.
“Баха Сәрсекбаев, сен қазақтың батыры емес, расында қатыны болдың. Қойсаңшы, болды. Артық сөздерді не қыласың? Ер жігітке жараспайтын тірліктеріңді доғар”, — деп жазды Еркебұлан Шыналиев.
Бірақ бұл жазба кейін өшірілген.
Еркебұлан Шыналиев 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында ел қоржынына қола медаль салған болатын. Ал Бақыт Сәрсекбаев сол жарыста алтыннан алқа таққан еді.