Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Енем таңда 15 сиыр сауады. Түсте тұрып, жаңа піскен қаймақпен шай ішемін": Қаладан келген келіннің оқиғасы

"Енем таңда 15 сиыр сауады. Түсте тұрып, жаңа піскен қаймақпен шай ішемін": Қаладан келген келіннің оқиғасы
ашық дереккөз

Қазақтың әр әулетінде келін мен ененің жыры, қызығы әр кезеңге сай оқиғасымен жиі әңгімеленеді. Оның барлығы да жас келіндерге, жат жұрттық болатын қыздарға тәрбие беру мақсатында түйінделіп отырады. Инстаграм желісінде "Тракторшының махаббаты" есімімен танылған Айнұр келін қазір көпшілік қызығатын пысық ана.

Ол өз оқырмандарына өзінің алғаш келін болып келген кездегі оқиғасын айтып қайран қалдырды. Бүгінде ондаған сиырды бір өзі сауып, май шайқап, құрт жасап базарға шығаратын әйел кезінде ақ саусақ қыз болыпты. Тіпті тауықтан қорқып үйінен шықпайды екен.

Айнұр бүгінгі шираған сәтін енесінің жайлылығы, ақылдылығы деп біледі.

"Ерте-ерте ертеде, бір келіншек болған Бөртеде. Эх, баяғы Айнұрды көрсеңіз, шошитын едіңіз. Сиырдан да, қаздан да, иттен де қорқып жүретінмін. Кеште сиырлар келіп жатқанда, сүзеді деп, үйге қашатынмын.

Енем таң атпай 14-16 сиыр сауғанда, түске дейін ұйықтайтынмын. Енем отты жағып, сиырды сауып, шайды қойып болып “Айнурочка, пора в школу”деп оятып алатын. Қабақты түйіп, шашым жалбырап тұрамын. Ұялмай, жаңа тартылған қаймақпен шайды ұрамын.

Мен үшін таңғы тәтті ұйқысын қиып, мүйізі қарағайдай сиырдан қорықпай, тіпті бауырына тығылып алып сиыр сауатын келіншектер Кеңес Одағының батыры атағын 2 дүркін иемденген нағыз жаужүрек болып көрінетін. Ауылдың адамдары қайдағы бір сиыр үшін неге өздерін соншалықты қинайтынын түсінбейтінмін. Күйеуімнің де жұмысын көпке дейін түсінбедім. Таң атпай кетеді, түннің бір уағында май-май болып келеді. Үйде бітпейтін қайнаған тірлік. Мен жүремін өзге планетадан келген мақлұқ сияқты. Өз #кәйпім өз #кәллемде. Сиырды енем сауады, отты енем жағады, шайды енем құяды, тамақты енем асады. Мен дүкендегі тірі манекен болдым. Енем сонда да мәз келін алдым деп. Мен де мәзбін байға тидім деп.

Таңертең мектепке барайын десем, көшедегі қаздан, иттен қорқам. Күйеуім мектепке дейін шығарып салады. Қазір болса ғой пиик-пииктің қызыл, сары, жасылын айтатын еді. Ол кезде махаббатқа мас. Менің қорыққанымды қызық көреді. Күнде ерінбей шығарып салады.

Сол кезде мен келіндік өмірге мүлдем дайын емес екенімді түсіндім. Әжемнің соңында ырбиып жылап, арқасында аяғым салақтап отырып, той-садақаға еріп барып, папамның қарындастары айтқанымды істеп, ештеңеге қабілетсіз болып өсіппін.

Маңдайыма жақсы ене тап болған. Бір тентек енеге тап болғанымда өмірімді тозаққа айналдырар еді. Жүрер ме ем байдан байға тиіп, бай шақ келмей.

Ауылдағылар да мені әңгіме ете бастады. Менен кейін түскен келіндер сиырды да сауып, отты да жаға бастағанда, мен ұялатынмын. Бірақ, ерте тұру, сиырдың қасына бару мен үшін ең қорқынышты фильм ужасов еді",-дейді Бөрте ауылынан Тракторшының махаббаты лақап атымен танылған пысық Айнұр есімді келіншек.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар