"Қалай бас көтеріп жүрсіз?": Әншілермен бір жерде жүруді армандағанын айтқан Өмірғалиева сынға қалды
Бүгінде актриса, әнші, тележүргізуші атанған Жұлдыз Өмірғалиева Мейрамбек Беспаевтың туған күніне барып, барлық танымал азаматтармен бір тойда болғанын желіде мақтана айтты. Көпшілікке ағынан жарылған Өмірғалиева жастайынан Мейрамбек Беспаевты жай ғана тірідей көруді армандағанын да жасырмады, деп жазды KYN.KZ.
"Әлем әдемілікке толы. Өмірде бәрі мүмкін. Бұған көзім жеткен соң 100% айта аламын.
Кішкентай кезімде армандарым көп болатын. Телевизордан әдемі артистерді көріп, соларға қарап, сондай болсам ғой деп қиялдай беретінмін. Мейрамбек ағамызбен былай фотоға түсу түгілі, бір рет көрудің өзі арман еді ғой. Ал енді міне, өз қолыммен жасаған сағатым ол кісілердің үйінде ілулі.
Так что, девочки, мечтайте. Сол арман үшін еңбектеніңіз. Ол мүмкін емес деген нәрсені сызып тастаңыздар. Бұл өмірде бәрі де мүмкін. Солай ғой",- деп жазды Жұлдыз Өмірғалиева.
Міне осы жазбадан кейін халық түрлі пікір жаза бастады. Бірі Жұлдызды арманы үшін аянбай еңбек еткен пысық десе, енді бірі Айқынды бірінші отбасынан айырды деп айыптады.
"Армандаған дұрыс-ақ. Алайда, өткен істі ұмытпау қажет. Ел алдында қалай бас көтеріп жүресіз? Біреудің айрандай ұйып отырған отбасын бұзып болған соң. Құдай кешірсін",-деп жазды Қайратқызы Мөлдір есімді желі қолданушысы.
"Әрине, армандаймыз. Бірақ әкеміз, шешеміз біреудің отбасын бұзуға рұқсат бермейді",-деді тағы бір қолданушы.
Енді бір желі қолданушылары Жұлдыз Өмірғалиеваның үшінші балаға жүкті екенін де жазып жатты.