Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Головкин жақында үш бірдей чемпиондық титул үшін жұдырықтасатынын хабарлады

12.11.2021
0
Головкин жақында үш бірдей чемпиондық титул үшін жұдырықтасатынын хабарлады

ІBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин жапониялық боксшы Риота Муратамен жекпе-жек өткізетінін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ.

Кездесудің постері қазақстандық спортшының Instаgram парақшасында пайда болды.

«Жапонияда үлкен драма болады. 29 желтоқсанда кездесеміз», — деп жазды Головкин.

Сондай-ақ, GGG жазба астында жапон тілінде сөз қалдырған. Кездесуде үш чемпиондық белбеу сарапқа салынатын болады. Қазір Головкинде IBO және IBF, ал Муратада WBA Super титулы бар.

Sports.kz жазуынша, жекпе-жек 29 желтоқсанда Сайтамада өтуі тиіс. Кездесу DAZN сервисінде трансляцияланады.

«Мен Жапонияға, бокс асқан танымалдыққа ие елге Big Drama Show әкелгеніме қуаныштымын. Риота Мурата мықты чемпион. Біз титулдарымызды біріктіру үшін рингте кездесеміз, бұл ерекше кеш болмақ. Біз жанкүйерлерімізге ұлы кездесу сыйламақпыз», — деді Головкин.

Бөлісу1Твит1
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.