Қостанайда ұлын балталап өлтірген зейнеткер сотталды
Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты 73 жастағы Владислав Грековқа үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KYN.KZ.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, прокурор айыпталушыға 11 жыл бас бостандығана айыру жазасын сұрады.
Сонымен қатар сот жәбірленушінің әпкесінің талабын да қанағаттандырды.
Зейнеткер оған 1 млн теңге көлемінде материалдық және 134 107 теңге көлемінде мүліктік өтемақы төлеуге тиіс.
Үкім заңды күшіне енді.
Естеріңізге сала кетейік, 73 жастағы зейнеткер Владислав Греков өзінің 30 жастағы ұлы Василий Скиданенконы балтамен ұрып өлтірген.
Оқиға 27 шілде күні күзетшілерге арналған шағын үйде болған. Оқиға болардан бір күн бұрын ұлы әкесінен ақша сұрап сол жерге келген. Зейнеткер ақша бермеген. Ұлы әкесінің күзет бөлмесінде сыра ішіп ұйықтап қалады. Таңертең әкесі ұлын оятпақ болады, ол қарсылық білдіріп, жанжал шығарған. Ашуға булыққан Греков қолына балта алып, 11 рет ұлының басы мен мойнынан ұрған.
Ол кінәсін мойындады. Алайда оны 11 емес, 3 рет ұрғанын айтқан. Сотта ол өзіне өлім жазасын тағайындауды сұрады.