Алматы тұрғыны әйелін ұрып өлтірді
Алматыда үш баланың анасы күйеуінің қолынан қаза тапты. Ер адам қашып бара жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KYN.KZ.
Ресми мәліметке сәйкес, оқиға Ақбұлақ ықшам ауданында болған. 42 жастағы әйелдің анасы үйдегі айқай-шуды естіп, учаскелік инспекторды шақырды. Ал өзі үйге кірген жоқ.
Көрпені ашқанда әйелдің өлі күйінде жатқаны анықталды. Денесінде көгеріп қалған жерлер де болды.
Алатау аудандық полиция бөлімінің инспекторы Дәурен Шәпкенов күдіктіні қашып бара жатқан жерінен ұстап алды.
"Мен оны Шәріп көшесінің бойынан ұстап алдым. Сосын оқиға орнына алып келдім", - деді Шәпкенов.
39 жастағы күдікті өз кінәсін мойындаған жоқ.
"Мен кеткенде ол тірі болған", - дейді ол.