Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістандағы жантүршігерлік жол апаты: 9 адам зардап шегіп, үшеуі қаза тапты

Түркістандағы жантүршігерлік жол апаты: 9 адам зардап шегіп, үшеуі қаза тапты
ашық дереккөз
Сарыағаш-Шымкент тас жолында "Мазда" мен "Sang Yong Istana" микроавтобусы соқтығысқан
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы аумағында, Рабат ауылының маңында ірі жол апаты болды. Салдарынан үш адам көз жұмып, оны зардап шекті, деп otyrar.kz. сатына сілтеме жасай отырып KYN.KZ хабарлайды. Алдын ала деректер бойынша, микроавтобустың ішінде 10 адам отырған, оның төртеуі – Өзбекстан азаматтары. Жол апаты салдарынан үш адам мерт болды. Куәгерлердің айтуынша, жеңіл автокөлік микроавтобусқа соғылған кезде, ол жыраға түсіп кетіп аударылған. "Шымкенттің жедел медициналық жәрдем ауруханасына Қазығұрт ауданында жол апатынан зардап шеккендер түсті. Жеңіл жарақат алған төрт азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Қазір олар амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Үш адам – жансақтау бөлімінде, тағы екеуі травматологияда", — деді Шымкент жедел медициналық көмек ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Алмас Байбеков. Жол апатының себептері мен кінәлілер анықталуда. Қаза тапқандардың денесі мәйітханаға жеткізілді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар