Басты жаңалықтар

Ресейлік есепте тұрған көлік мәселелері бойынша call-орталық ашылды

Ішкі істер министрлігі еліміздің барлық өңірінде шетелде тіркелген көліктерді пайдалану мәселелері бойынша call-орталық ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство Ресей Федерациясынан әкелінген көлік құралдарын пайдалану және тіркеу туралы мәселенің маңыздылығына байланысты азаматтарға ыңғайлы болу үшін байланыс телефондары құрылғанын хабарлады.

Ол арқылы жүргізушілер полицияға маңызды ақпарат алу үшін жүгіне алады.Call-орталық телефондары сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін қоңырау қабылдайды.

"Ресейде тіркелген автокөлік мәселелері бойынша азаматтар тарапынан өтініштердің көп болуын ескере отырып, ІІМ сенімді ақпаратты жедел ұсыну үшін ел аумағында call-орталықтар ашты", – делінген министрлік баспасөз қызметінің хабарламасында.

 class=