Басты жаңалықтар

Қырғыз миллиардері тұңғыш қызын тұрмысқа беру үшін жігіттерге кастинг жариялады

Қырғызстандық миллиардер, депутаттыққа үміткер Шаршенбек Абдыкеримов тұңғыш қызына жар таңдау үшін кастинг жариялады, деп хабарлайды АКИpress.

Порталдың мәліметінше, кастинг 19 қараша күні 12:00 Нарын облысы Ат-Башинск ауданында өтеді.

Қырғызстанның ең бай отбасыларының бірімен құда болуға ниет білдіргендер аз емес.

Штабтың хабарлауынша, көршілес елдерден де кастингке қатысуға өтініш бергендер бар.

Кастингтің өтетін орны: Нарын облысы, Ат-Башы ауданы, Ат-Башы ауылы, М.Жунусов көшесі, 7а.