Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады

Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады
ашық дереккөз

2021 жылдың желтоқсан айында қазақстандықтар 11 күн демалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жылдың соңғы айында бірден екі мемлекеттік мереке - 1 желтоқсан Тұңғыш президент күні және 16, 17 желтоқсан Тәуелсіздік күні.

31 желтоқсан жұмаға түсіп тұрғандықтан, жұмыс күні. 

Осылайша, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 1, 4, 5, 11, 12, 16, 17, 18, 19, 25 және 26 желтоқсан демалады.

Ал алты күн жұмыс істейтіндердің демалыс күндері: 1, 5, 12, 16, 17, 19 және 26-сы.

2021 жылы бес күн жұмыс істейтін тұрғындар 120 күн, алты күндік жұмыс аптасындағылар 68 күн демалады.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар