Пятница, 2 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Жасөспірім ата-ана рұқсатынсыз Pfizer салдыра ала ма

12.11.2021
0
Жасөспірім ата-ана рұқсатынсыз Pfizer салдыра ала ма

Алматыда 1 600-ден астам ата-ана балаларына Pfizer вакцинасын салдыруға келісім берді. Бұл туралы Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KYN.KZ.

Ол сондай-ақ жасөспірім ата-анасының рұқсатынсыз Pfizer вакцинасын салдырғысы келсе, медицина қызметкерлері не істейтінін айтты.

«12 қарашада емханада Pfizer вакцинасын салу басталды. Сондай-ақ мектептерге барып вакцина салуға дайынбыз. Мектеп басшылығымен бірлесе жұмыс атқарылды. Pfizer вакцинасы жеткізілетіні айтылғаннан бастап ата-аналардың оған дайындығын сұрастырдық. Қазір қалада 8 аудан бойынша сараптама жүргіздік, 12 жастан 17 жас аралығындағы 1 619 балаға вакцина салуға рұқсат берді. Ата-ананың рұқсаты мен арнайы тізімі бар», — деді Мырзағали.

Айтуынша, вакцина салдыруға баланың өзі келсе, мектеп ата-анасының нөмірін алып, байланысқа шығады.

«Жасөспірім вакцина салдыруға медициналық мекемеге өзі баратын болса, ата-анасына хабарласып, рұқсатын сұраймыз. Қалай болса да, ата-ананың рұқсаты қажет», — деп толықтырды ол.

Ал баласына вакцина салуға рұқсат берген ата-ана медициналық мекемеге бірге бара алады немесе баланың өзін жібере алады.

«Ата-ана рұқсат берсе, ол деректер медицина қызметкерінде және бала оқитын сынып жетекшісінде болады», — деді Мырзағали.

Айта кетері, 10 қарашада түнде Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Алматы қоймасында вакцинаның алғашқы 46 800 дозасы, бірінші компоненттің 23 400 дозасы және екіншісінің 23 400 дозасы бар. Екі бөлігінің арасы 21-28 күн болуы керек.

Вакцина жүкті, емізулі баласы бар және 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге салынады.

Вакцинаны жүктіліктің 16-37 аптасы арасында салдыруға болады. Емізулі баласы бар әйелдер босанған соң 42 күннен кейін салдыра алады.

Бөлісу1Твит1
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1724 бөлісу
    Бөлісу 690 Твит 431
  • Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты

    1428 бөлісу
    Бөлісу 571 Твит 357
  • Қызылордалық 5 баланың анасы: Жамбыл облыстық полиция мен прокуратура қызметкерлері күйеуіме жала жауып, қамағалы отыр (видео)

    1106 бөлісу
    Бөлісу 442 Твит 277
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1948 бөлісу
    Бөлісу 779 Твит 487
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    987 бөлісу
    Бөлісу 395 Твит 247
  • Гілі-Гілі есімімен танылған актер Тұңғышбай Жаманқұлов бірнеше рет жолын жапқанын айтты

    944 бөлісу
    Бөлісу 378 Твит 236
  • Мәжілісмен Мақсат Толықбай Болат Атабаев туралы деректі фильмге қаражат тауып беретін болды

    907 бөлісу
    Бөлісу 363 Твит 227
  • Алматы облысында екі әйелі бар әке туған екі қызын он жыл бойы зорлап келген

    805 бөлісу
    Бөлісу 322 Твит 201
  • «Қыздар үйге іздеп келетін»: Алмат Сақатов әйелінің шыдамдылығына ризашылығын білдірді

    715 бөлісу
    Бөлісу 286 Твит 179
  • Құралай Нұрқаділова психологияға әкесіне көмектесу үшін келгенін айтты

    666 бөлісу
    Бөлісу 266 Твит 167
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.