Басты жаңалықтар

Отанымды сағындым: Германия спортшысы жеңіс тұғырына Қазақстан туымен шықты

Қостанайда дүниеге келген спортшы қазір Германияда тұрады

Аралас жекпе-жектен өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Германияның намысын қорғаған Эдуард Кексель марапаттау рәсіміне Қазақстан туымен шықты деп хабарлайды Prosports.kz-ке сілтеме жасаған KYN.KZ Эдуард Қостанай облысында дүниеге келген, бірақ көп жылдан бері Герминияның туын түрлі халықаралық жарыстарда көкке көтеріп, сонда өмір сүріп келеді. Алайда Эдуард Бухарестте Еуропа чемпионы атанғанда оған өмір сыйлаған елдің туын алып шығуды жөн санапты. Ол жеңіс тұғырына Қазақстан туымен шықты.  width= "Мен жарыста қазақстандық команданы көргенде қатты қуандым. Ақтық жекпе-жекті жеңген соң, мен Қазақстанның туын марапаттау рәсіміне алып шығуға бере тұруларын сұрадым. Отанымды қатты сағынамын", - деді Эдуард Кексель.