Басты жаңалықтар

Елордада Pfizer вакцинасын қандай медициналық ұйымдарда алуға болады

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Pfizer вакцинасы қолжетімді болатын медициналық ұйымдардың тізімін ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 15 қарашадан бастап елордада Pfizer вакцинациясы басталатынын еске салды. Әзірге бұл екпені тек жүкті әйелдер, бала емізетін келіншектер, лактация кезеңіндегі әйелдер мен балалар ғана ала алады.

Тиісті контингентке екпе елорданың медициналық ұйымдарында, ал жасөспірімдерге білім беру мекемелерінде салынады. Басқарма аталған ұйымдар арасында тиісті контингентті вакцинациялау үшін дозалар бөлінгенін атап өтті.

Pfizer вакцинасы салынатын медициналық ұйымдар мыналар:

- қалалық №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 емханалары

- "Достық" отбасылық денсаулық орталығы;

- "Жанұя", "Салауатты Астана", "Шипагер", "Кировская" ЖШС (барлық филиалы).

Айта кетейік, күні кеше Нұр-Сұлтанға Pfizer вакцинасының 35 100 дозасы әкелінді. Олардың барлығы вакцинаны сақтауға арналған мұздатқыштарда сақтаулы.

Дереккөз: KAZ.NUR.KZ